"Астана"-ға қалыңдық іздеп жатыр - Шымкент жаналықтары
Басты » Қоғам » “Астана”-ға қалыңдық іздеп жатыр

“Астана”-ға қалыңдық іздеп жатыр

  1. Шымкент зообағының қызметкерлері таяуда 10 жасқа толған керікті үйлендірмек. Алайда, әзірге „Астананың„ лайықты теңі табылмай жатқан көрінеді. Зообақ мамандары осыдан біршама уақыт бұрын қалыңдықты Алматыдан тапқан екен. Өкінішке орай, белгілі себептермен Шымкентке жеткізе алмапты. Ал, екінші рет тиісті қаржыны аударып, „келіннің„ келуін күткен. Бірақ, бұл жолы да алматылық жираф келмепті. Бұдан бөлек, Шымкент зообағының мамандары шілденің шіліңгір ыстығында керікті екі аптада бір рет шомылдырады екен. Айтуларынша, бұл рәсімге арнайы дайындалу қажет. Мәселен, суды бассейнге толтырып екі-үш күн ұстайды. Су әбден жылып, қажетті температураға жеткеннен кейін, сұйық сабынмен керікті жуындырады. Жауаптылар салқын суға шомылса, „Астана„ ауырып қалуы мүмкін,-дейді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*