Басты » Медицина » Ауыр дертке шалдыққан 13 жасар қызға жергілікті дәрігерлер көмектеспеген

Ауыр дертке шалдыққан 13 жасар қызға жергілікті дәрігерлер көмектеспеген

Тіпті облыстан келген арнайы комиссяда ақ халаттылардың сөзін сөйлеп науқастың әкесін кінәлапты. Медеу Әлқуаттың айтуына қарағанда Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы министрліктің өкілдерінде жолықтырмаған. Ақыр соңында ауруы асқынған қызын Алматыға өз қаржысымен алып кетіпті.

Медеу Әлқуаттың айтуынша, күннен күнге жағдайы нашарлап жатқан қызына аудандық ақ халаттылар ешқандай көмек көрсете алмапты. Тіпті бұл дертті емдеуге Шымкенттік дәрігерлердің де қауқары жетпейтін көрінеді. Бар үміт Алматыда дейді науқастың әкесі. Алайда, ондағыларда ем-домды тегін жасамайды екен.

Медеу ӘЛҚУАТ

науқастың әкесі

Мен өз күшіммен Алматыға Сызғанов больницасына алып бардым. Ондағылар уақыт өькізуге болмайды деді. Сонда тұратын қарындасым өз қаржысына платный отделениеге жатқызды.

Осы бейнесюжетті даярлау барысында Ордабасы аудандық ауруханасының басшылығы қызға қолдан келген бар көмегін аямауға уәде еткен еді. Алайда, уәде сөз жүзінде қалды,-дейді Медеу Әлқуат. Тіпті облыстан келген комиссия да шара көрмепті. Ал, министрлік өкілі Шымкенттен кері қайтыпты. Адам өміріне араша болар жандардан қайыр болмағасын әкесі ел-жұрттан қарыз алып, қызын Алматыға алып кетіпті. Мән-жайды телефоннан білдік.

Медеу ӘЛҚУАТ

науқастың әкесі

Тексеріс келді облздравтан түсіндіріп айттым жағдайды. Олар портал дайындаймыз көмектесеміз деген еді. Бірақ сөз жүзінде қалды. Ал, министрліктен келген комиссия Шымкенттен қайтып кеткен. Мен көрмедім оларды.

Естеріңізде болса, осыдан тура бір апта бұрын Ордабасы ауданы Темірлан аулында ауыр дертке шалдыққан 13 жасар қыз жайында хабарлаған болатынбыз. Сол кезде әкесі сау перзентін аудандық аурухананың қызметкерлері сал етті,-деп шырылдаған еді. Айтуынша, ақ халаттылар диагнозды дұрыс қоя алмай, науқастың ауруын асқындырып жіберген екен. Дегенмен, жергілікті аурухана басшылығы мұның барлығын теріске шығарып, қажет болса көмек көрсететінін айтқан болатын.

Сәуле БАТЫРХАНОВА

Ордабасы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары

Қыз өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Сондықтан диагнозын анықтауға уақыт қажет. Бірден анықтау мүмкін емес. Енді емнің ақырын күтеміз.

Қазіргі таңда Медеу Әлқуат пен науқас қызы Алматы қаласында ем алып жатыр. Әкесі өрімдей қызын бауыр церрозына шалдықтырғандар жазасын алмайынша тыным таппаймын,-деп отыр.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*