«ҚЫЗДЫҢ 40 ЖАНЫ БАР»
Басты » Мәдениет » «ҚЫЗДЫҢ 40 ЖАНЫ БАР»

«ҚЫЗДЫҢ 40 ЖАНЫ БАР»

Әйелдің кіршіксіз махаббатын өлшеп, бағамдау мүмкін емес. Себебі, сезім, теңізден терең, таудан биік, судан таза. Мұны, мемлекеттік корей музыкалық комедия театры Мағжан Жұмабаевтың өмірі арқылы дәлел етті.

     Үрейді ұшырар кейіпкер, жан мен тәннің арашалануы, тығырыққа тірелген әйел. Бір қарағанда, қойылымды Корейдің қорқынышты фильмінен үзінді дерсің. Алайда, шығарманың көксегені өзге. Махаббат ұлы сезім. Сүйгеніңнің соңынан талай жолды артта қалдырып, жоқшылықтың зардабын да тартасың. Өзге аруға көз қырын салса, байқамағансып бағасың. Жан дүниеңнің ойраны шықса да, қиындықты жеңуге тиіссің. Бұл ізгі қасиеттер қойылымның бас кейіпкері, Зылиқаға тән. Ол есімі тарихта алтын әріппен жазылған 5 арыстың бірі Мағжан Жұмабаевтың жары. Зылиқаның образы көпке үлгі боларлық. Яғни, еріне деген адалдығы, отбасына беріктігі еріксіз жанарды жасауратып, көңілге ой салады. қойылым арқылы, қазақ әйелдерінің бекзат болмысы да қатар көрсетіледі. Ал, корей әртістерінің өнерін көрермен жоғары бағалады. Себебі, “Япур-ай” әні қойылымның өзегі болып, алаш арысының туындылары да орындалды.

     Елена КИМ, режиссер

     – Біз қойылымды қазақ тілінен орысшаға, кейіннен кәріс тіліне аудардық. қиын болды өте. алайда, көрерменге бар қарым-қабілеттерімізді көрсеттік. бұл біз үшін ерекше қойылым.

     “Әйел махаббаты” мистикалық қойылым. Сахнаның безендіру, әртістердің биі де айырықша. Сонымен қатар Зылиха ғұмырының 3 кезеңі де бірге көрсетіледі. тілге жеңіл тигенімен көпшілік, қойылымның тереңіне бойлай алмады. Тіпті қазақ әдебиетімен таныс боламады.

     Мемлекеттік корей музыкалық комедия театры 1932 жылдан бері елге қалтықсыз қызмет етіп келеді. қоржындары да бай. Бас аяғы 300 ден астам қойылым бар. Алдағы уақытта өнер ұжымы патша көңілді көрерменнің назарына ілігер шығармаларды сахналауды жалғамақ.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*