Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте қаңғыбас иттерді аулауға 92 млн теңге бөлінген

Шымкентте қаңғыбас иттерді аулауға 92 млн теңге бөлінген

Шымкентте қаңғыбас иттерді аулауға биыл 92 млн теңге бөлінген. Жауапты мамандар жоспарға сай бір жылда 30 мың итті құрықтауы тиіс. Бөлінген қаражаттың басым көпшілігі осы мақсатта жұмсалса, қалғаны арнайы ғимаратты жалдауға кетеді екен.

Шахардағы қаңғыбас ит – мысықтарды аулаумен „Ветеринариялық қызмет„ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны айналысады. Аталған мекемеге жыл сайын қазынадан қыруар қаржы бөлінеді. Мұндағы мамандар сол ақшаға кезбе жануарларды құрықтайды. Ұсталған ит -мысықтар арнайы ғимаратта үш күн тұрақтайды. Осы уақыт аралығында иесі табылмаса, көзі жойылады.

Сырым ӘБДІХАЛЫҚОВ

Ветеринариялық қызмет„ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысы

30 мың ит аулауымыз керек. Бір итке шамамен 3 мың 80 теңге кетеді. Атап айтар болсам, 1700 теңге ұстауға жұмсалса, 1380 теңге арендаға алынған питомниктің шығынына жұмсалады.

Мамандар ауланған иттер арасында белгісі бар немесе асыл тұқымдылары кездесетінін айтады. Ғимаратта ұзақ тұрақтайтындар сол санатқа жататындар екен. Олардың суреттері сайтқа салынып, иелері шамамен екі айға жуық іздестіріледі,-дейді.

Сырым ӘБДІХАЛЫҚОВ

Ветеринариялық қызмет„ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысы

Мойнында белгісі бар немесе пародасы мықты иттер кездеседі. Оны біз суретке түсіріп сайтқа салып қоямыз. Негізі келісім шартта 2 ай деп көрсетілген. Бірақ оған қаржы бөлінбеген. Үш күнге беріледі ақша. Бірақ, адамгершілікке салып күтеміз. Кім біледі иесі іздеп келсе.

Тағы бір айта кетерлік жайт, мекеменің жеке ғимараты жоқ. Осының салдарынан телефон нөмірлері жиі ауысады екен. Егер сізге жауапты мамандардың көмегі қажет болса мына нөмірге хабарласуыңызға болады. 45-05-22 , 8707-231-14-95

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*