Шымкенттік ақ халатты дөрекілік танытып, журналистерді қуып шықты - Шымкент жаналықтары
Басты » Медицина » Шымкенттік ақ халатты дөрекілік танытып, журналистерді қуып шықты

Шымкенттік ақ халатты дөрекілік танытып, журналистерді қуып шықты

Шымкентте 11 адам „улану„ диагнозымен ауруханаға түсті. Науқастардың барлығы бір мейрамханада тамақтанған екен. Алайда, олардың нақты неден ұшынғанын мамандар анықтап жатыр. Тәртіп сақшылары да аталған жайтқа қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тек жаппай ауруханаға түскен науқастардың жағдайын білу мүмкін болмады. Ақ халаттылар сұхбат беруден бас тартып, тіпті түсірілім топқа қол жұмсауға дейін барды.

Улану диагнозымен жаппай ауруханаға түскендер осы жерде тамақтанған. Мейрамхана иесінің айтуынша, 5 тамыз күні мұнда құдалық болған. Сағат 15-00 шамасында қонақтар жиналып, ас беріліпті. Араға екі сағат салып қонақтардың бірі өзін жайсыз сезіне бастаған. Артынан тағы он адам денсаулығына шағым айтып, барлығы шұғыл ауруханаға жеткізілген.

Эльмира МАХАНОВА

мейрамхана иесі

Үштен он бес минут өткенде құдалық басталды. Сағат бес жарым шамасында апаның жағдайы нашарлай бастады. Мүмкін ол кісілер үйінен тамақтанып келген шығар. Біз қайдан білеміз.

Науқастардың улануынан кейін бұл жерге құзырлы орындардың өкілдері келе бастаған. Олар қажетті сынамаларды алып, тексеріп жатыр екен. Мейрамхана келушілерінің неден ұшынғаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Істі тәртіп сақшылары да назарға алған.

Ержан ПАЙЫЗБЕКОВ

Шымкент қалалық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекші маманы

Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына 11 адам жеткізілген. Уланған адамдардың барлығы қаланың кафелердің бірінде мерекелік іс шарада болғаны белгілі болды. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп – тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК –нің «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабымен тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Құдалыққа барып, артынан аурухана төсегіне таңылғандардың жағдайын білмекке ақ халаттылардың алдына бардық. Алайда, сұхбат алудың орнына ұрыс естіп қайттық. Дәрігерлер мемлекет салып берген ғимаратты жеке меншігіміз,-деп қуып шықты.

– Неге камераға тиісезіз?

– Неге түсіресіңдер. Түсірме.

– Екі сағат болды күтіп тұрғанымызға.

– Күт. Саған керек нәрсе ғой күт.

Күтуін күттік. Бірақ аты жөнін айтпаған мына қызметкер дөрекілігін доғара қоймады. Басшысы жұмыстармен кетіп қалғанын, қашен келетінін білмейтінін айтып айғайлады. Ақыр соңында уланған науқастарға тіл тигізуге көшті.

– Сол науқастың өзінен сұхбат алыңыздар. Емдеп жатырма, жоқпа деп. Сонда біреу құдалыққа барып уланса, больница кінәлі ме?

Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері келген науқастарпенде дөрекі сөйлесетін көрінеді.

– Ана қыз маған келіп дікеңдеп жатыр. Кім ол маған?

Осылайша, науқастардың халін білуге мүмкіндік болмады. Қанша күткенімізбен бас дәрігер төбе көрсетпеді.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*