«Ынтымақ-2» шағын ауданында шешілмеген мәселе шаш етектен - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » «Ынтымақ-2» шағын ауданында шешілмеген мәселе шаш етектен

«Ынтымақ-2» шағын ауданында шешілмеген мәселе шаш етектен

Шымкенттегі Ынтымақ мөлтекауданында бір топ ата-ана балаларын оқытатын мектеп таппай сабылуда. Шағын ауданның құрылғанына 10 жыл өтсе де билік бір мектеп салып беруге де жарамады деп ашынды жұрт. Қазір осындағы халық, балаларын жетектеп алыс болса да қаладағы түрлі білім ордаларын жағалап жүр. Ынтымақтағы 2 мыңнан астам тұрғынның бүгінгі жайы осы. Бәрі де осы әуре сарсаңнан қажыдық деп отыр. Олар бұл базынасын жергілікті билікке айта -айта әбден мезі болыпты.

Шарипа Бақтыбаева

Қала тұрғыны

Балаларымыз батпаққа батып, жаңбырдың астында қиналып жүр. Сондықтан мектеп керек. Балабақша мен емхана болсада жоқ. Бұл жерде тұрып жатқанымызға 15 жылдан асты содан бері мемлекеттен ешқандай көмек көріп отырған жоқпыз.

Алыстағы білім ұясына барып оқу әсіресе кішкентай балаларға қиын. Шағынауданға қоғамдық көлік те қатынамайды. Сондықтан жеке көлігі жоқ отбасындағы ұл-қыздар білім алу үшін шақырымдап жаяу жүруге мәжбүр. Үлкендер бүлдіршіндеріміз жазда шаңға малынып, қыста лай кешіп, суық күндері сырқатқа жиі шалдықты дейді.

Раушан Игібаева

қала тұрғыны

Біздің проблемамыз-мына емханаға бару үшін екі рет қоғамдық көлікке отырамыз. Сосын біздің әкіміміздің замы Нұрлан Тілешов өткенде газ өшкенде келді тура менің үйімнің алдына келді. Мен оны дәлелдей алам. Сөйтіп бұл қай аудан. Ол қай жерде деп тұр. Зам әкім деген халыққа солай сөйлеуге болама? Ол қазір орнында бар ма жоқ па? Бәріне уәде беріп алады екенде ештеңе жасамайды екен. Сонда біз кімге мәселемізді айтамыз?

Мектеп салып берсін. Бұл маңайда мектеп жоқ. Мектебіміз алыста орналасқан. Үлкен жүк көліктері жаншып сыйқын қашырған шағынаудан көшелерінде қоғамдық көлік мүлде жүрмейді. Сол себепті шаң көшемен орталыққа күнде жұмысқа қатынайтын жұрт жол азабын тарттық деп мұңын шақты. Мәселенің мән жайын анықтау мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігіне бардық. Әкім орынбасары Ынтымақта мектеп құрылысын салуға жерді жеке меншіктің қолынан енді ғана алдық деп отыр.

Гүлсара Тәшімова

Абай ауданы әкімінің орынбасары

Негізі ол жердегі халықтың мектеп қажет деген мәселесін біз білеміз. Негізі Ынтымақта №54 және №55 мектептер бар. Жұрт балаларын соған оқытады. Сол еке мектептің арасында жаңа білім ұясын салу үшін жерді қазір заңдастырып датырмыз. Содан кейін барып Жобалық сметалық құжат жасалады.

Жауаптылардан Ынтымақ-2 шағын ауданына мектептің нақты қашан салынатынын біле алмадық. Болжам бойынша құрылыс келер жылы басталуы керек деді. Ал қоғамдық көлікті жүргізу мен жол салу да келер күннің еншісінде екен. Себебі шағынаудан жаңадан құрылған. Әлеуметтік мәселелер біртіндеп шешіледі дейді атқамінерлер. Қазір аудан көлемінде мектепті қажет ететін дәл осындай 7 шағынаудан бар. Олардың барлығындағы ортақ мәселе мектеп салу үшін жердің жоқтығында.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*