Басты » Редакция таңдауы » Тұрғындар арбат салып жатқан билік басындағыларға наразы

Тұрғындар арбат салып жатқан билік басындағыларға наразы

Қаланы көркейтеміз,-деп көшемізден айырды. Тұрғындар арбат салып жатқан билік басындағыларға наразы. Айтуларынша, жолдың жарты бөлігін қалдырамыз,-деп ант су ішкен шенділер ақыры бүтін бір жолды бұзып тастаған. Енді халық үйлеріне жету үшін аула аралауға мәжбүр. Онсызда тар ішкі көшелермен не өрт сөндіру техникасы не жедел жәрдем жете алмайды,-дейді ашынған ағайын.

Шымкент мегаполис дәрежесін алғалы биліктегілер қаланы көркейтуге кірісіп кетті. Атқамінерлер әсіресе арбат салудан алдына жан салмауда. Алғашында, Қошқар-ата өзенінің жағалауын демалыс орнына айналдыруды қолға алған жауаптылар, енді қаланың ішкі көшелеріне ауысқан. Бұл тірлік қарапайым халықтың қытығына тиюде.

Қала өсіп жатыр, адамдар мен көліктер көбейіп жатыр. Все хотят комфортно жить. Тура қаланың ортасында төрт көлік сиятын жолды алып тастады. Түркістан көшесіндегі баняны алды жолды үлкейтеміз,-деп. Сонда мынаны не деп жауып отыр. Я понимаю акимат за чет этого арбата будет деньги иметь. Но вы поймите люди должны ездить работать.

Жауаптылар жұртпен кездескен. Бірақ жолдың жарты бөлігі бұзылатыны айтылыпты. Онымен қоса, мердігер осындағы көпқабатты үйлердің шатыры мен сыртқы қасбетін тегін әрлеп беруі тиіс екен. Алғашында құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілген. Көшенің жарты бөлігі сүріліп, жаңа арбаттың қабырғасы қаланған. Алайда, араға апта салып қалған тегіс асфальтты түгел қопарып тастаған.

Назира ТЕЛЯЕВА

қала тұрғыны

Мына арбатты салып жатыр. Оның паспорты қайда, неге халыққа көрсетпейді? Неге мына халықты жинамайды? Халықты жинап айтпай ма, сіздер мынаған келісесіздер ме, деп. Арбат туралы кездесуде айтты. Бірақ жартысы қалады деген.

Құрлысқа рұқсат бергендер тұрғындарға аула арасындағы жолдарды жөндеп беріпті. Оның өзі жол,-деуге келмейді,-дейді жұрт. Тар көшелерге екі көлік әрең сияды. Әрі бұл маңда балалар ойнайды. Біреу-міреу жазым бола ма,-деген қорқыныштарын жеткізді. Кәсіпкерлерде зиянын тартып отырмыз дейді

Мұхаметәлі ӘШІРБАЕВ

кәсіпкер

Жан-жағымыздағы адамдарға келіп айтыпты. Арыққа дейін бұзамыз деп. Бірақ маған ешкім келіп сметаны көрсеткен жоқ. Үлкен кісілердің қолы қойылған деп құжатта көрсетпеді. Басында айтқанда салмас едім. Уәде беріп алып, соңына келгенде көшені бұзамыз дейді. Болмайды ғой бұлай.

Расымен де, салынып жатқан нысанның паспорты жоқ. Әрі бері іздеп көріп таппадық. Мердігер мекеме басшысы да жауап бермеді. Ал әкімдіктегілер барлығы заң аясында салынып жатқанын айтты. Апатты жағдайға деп арнайы жол жасалатынын мәлімдеді.

Нұрлан БЕКТҰРСЫНОВ

Шымкент қалалық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Ол жерге экстренный жағдайға деп жол салынады. Скорый, пожарный машиналарға.

Дегенмен, шенеунік құрылыстың нақты қашан аяқталатынын, қанша қаржы бөлінгенін ашып айтпады. Тек мердігердің „Жасыл қала„ ЖШС екенін білдік. Ал, тұрғындар көшенің жабылуына байланысты, бұрын екі сағатта жететін жедел жәрдемді енді төрт сағат күтетін болдық деп күрсініп қала берді.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*