«Менің Қазақстаным». Шымкентте Шәмші әндері әуеледі - Шымкент жаналықтары
Басты » Тараусыз » «Менің Қазақстаным». Шымкентте Шәмші әндері әуеледі

«Менің Қазақстаным». Шымкентте Шәмші әндері әуеледі

Облыстық филормонияда өткен «Менің Қазақстаным» ән байқауы талантты жастардың басын қосты. Олар ән падишасының халық арасында кең танылмаған әндерін шырқап, өзара сайысқа түсті. Биылғы сайыстың басты ерекшелігі де осы болды.

«Менің Қазақстаным» атты ән байқауы, жыл сайын ұлы композитордың туған күніне орай дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Іріктеу сынынан сүрінбей өткен қатысушылардың барлығы талантты жастар. Байқаудың екінші кезеңіне жолдама алған олар, сазгердің ел арасында кең танылмаған әндерін орындады. Жалпы композитордың 300-ге тарта әні болса , байқау барысында солардың 80-ге жуығы қамтылған. Шараның биылғы ерекшелігі де осы болды.

Өркен Рысдәулетов

қазылар алқасының мүшесі

Биылғы сайыстың ерекшелігі – айтылмай жүрген әндерді мәдениет басқармасы ұйымдастыру алқасы іздеп тауып, сол әндердің нотасын аудандарға тапсырма бере отырып жіберіп сол әндерді орындасын деген мақсат бізге де ұнап отыр. Бұрын естімеген әндерді естіп отырмыз.

Өнер байқауының мақсаты қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтап, олардың үлкен сахналарға қанат қағуына мүмкіндік беру. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар Шәмшінің 1 әнін орындаса, екінші кезеңінде облыс топырағында туып-өскен композиторлардың әндерін шырқаулары тиіс.

Ұлжалғас Әбілдахан

қатысушы

Бұл байқауға мен Шәмші Қалдаяқовтың «Отырардағы той» әнін алып келдім. Бұл біздің Отырарымыздың гимніне арналған әндердің бірі. 00.25- 00.36 -Бұл байқауға қатысудағы мақсатым – өнер жолында жүргеннен кейін өнерімді шыңдап, бағымды сынап қатысып отырмын.

Байқаудың бірінші кезеңінде өтініші білдірген 200-ге жуық үміткердің 56 сы облыстық іріктеуге жолдама алған. Өнер бәйгесіне 15 пен 29 жас аралығындағы талантты жастар қатысты. Жеңімпаздың есімі ақтық сында белгілі болмақ. Шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Түркістан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы. Сайыс Астана қаласының 20-жылдық мерейтойы аясында өтіп отыр.

Нұрзина ТӨРЕХАНОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*