Шымкенттегі пандустардың жағдайы аянышты халде - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Шымкенттегі пандустардың жағдайы аянышты халде

Шымкенттегі пандустардың жағдайы аянышты халде

Шымкенттегі пандустардың жағдайы аянышты халде. Тіпті оның кейбіріне денсаулығы мықты адамдар да шыға алмайды. Әкімдік қызметкерлері Ғимарат иелеріне осыдан бірнеше ай бұрын ескерту жасап хат жолдағанын айтады. Алайда кәсіпкерлер әкімдіктің бұл сөзін жоққа шығарды.

Мобильдік топтың құрығына алғашқыларының бірі болып іліккен қаланың қақ ортасындағы мына медициналық орталық болды. Мұндағы пандус мүлде талапқа сай емес. Бекітілген нормадан биік, беті тайғақ әрі зағип жандар өздігінен ұстап шығатын қоршаулары жоқ. Аты жөнін айтудан бас тартқан мына жеке кәсіп иесі бұған дейін ешқандай ескерту жасалмағанын айтады.

Уақтысында әкімдік қызметкерлері стандартқа сай үлгісін бергенде,мұндай келеңсіздік орын алмас еді дейді.

Мен ешқандай ескерту қағазын көрген жоқпын. Мен лично осы екі клиниканың иесімін.Мен ештенке көрмедім ешқандай қағазға қол қойған жоқпын. Алып келсін дәлел қағазын.

Әл – Фараби ауданында мүгедектерге қолжетімді орта құру үшін ағымдағы жылы мыңнан аса жеке меншік нысанға бақылау жүргізілген. Бүгінде оның 971- і пандус орнатса қалған 40 шақтысы әкімшіліктен ескерту алған. Жергілікті билік өкілі ескерту нәтижесіз қалса құзырлы органдар тарапынан айыппұл салынатын болады дейді.

ДӘУРЕН БОСЫМБАЕВ

ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біз пандустардың сапасына ғана көңіл бөліп қоймай ,талаптарға сәйкестігінде ескеріп жұмыстар атқаудамыз. Бұл тек мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ғана емес , егде жастағылар үшінде ыңғайлы болуы тиіс. Мекемелердің алдындағы биік текпешектерден қиналмау үшін арнайы ыңғайлы пандустарды қойып жатымыз.

Өз үйінің төрт қабырғасында қамалып отыру салдарынан мүгедек адамдар үшін діттіген жеріне бару айтарлықтай қиындық туғызары анық. Қарапайым дүкендер мен сұлулық салондары зағип жандардың жағдайын ескермейді деген Бейіржан Казаханов жол қозғалысында да олардың еркін жүріп тұра алмайтынын айтады.

БЕЙІРЖАН КАЗАХАНОВ

МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕСІ

Қазіргі таңда талапқа сай емес пандустар бар. Мысалы айтар болсақ кейбір мектептерге ,балалбақшаларға ,сауда орындарына ,қарапйым дүкендерге кіріп шығу өте қиын,Ол кісілер пандус орнатпаймыз деп жатқан жоқ. Тек құзырлы органдар түсіндірме жұмыстарын жүргізуі тиіс

Бүгінде Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі 3691 азамат бар. Оның 360 – ы өздігінен жүріп тұруы қиын арбаға таңылған жандар.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*