Басты » Редакция таңдауы » Түркістан облысында оқушыларға жазғы лагерде ыстық тамақ берілмеген

Түркістан облысында оқушыларға жазғы лагерде ыстық тамақ берілмеген

Түркістан облысында оқушыларға жазғы лагерде ыстық тамақ берілмеген. Мұндай сауықтыру орындары аудандардағы мектептер жанынан құрылған. Балалар өздері білім алатын мекемеге тек табан тоздырып келіп кеткен. Білім саласының жетекшілері өздерінде болған жүгенсіздікті бақылау комиссиясына жайып салды.

«Нұр Отан» партиясында өткен жиында Түркістан облысы білім беру басқармасының жауаптылары бақылау комиссиясына биылғы жазда оқушылардың қалай демалғанын баяндауға келген еді. Бірақ басқосуға келген кейбір мектеп басшылары білім ордалары жанынан құрылған лагерлерді тоқтатуды сұрады. Себебі мектеп жанынан құрылған сауықтыру орындарында оқушылар демалып жарытпайды екен. Тек табан тоздырып келіп кететін көрінеді. Көбін лагерлерде еркінен тыс ұстайды екен. Бұл басшылықтың тапсырмасы болғаннан кейін ұстаздар осылай жасауға мәжбүрміз дейді.

Осы лагерлердің көбі жасандылық емеспе? Балаларды күштеп әкелеміз. Бәріміз білім саласында істейміз. Сізді алаңдатпайма?

Ардақ Садықова

Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары

Мұндай лагерлердің болуы балалар бос жүрмесін деп құрылған. Лагерге келген балалар үйірмеге қатысады. Интершум: АА452101. Осы демалысқа жатама, ешқандай жағдай жасалмаса. Тіпті тамақ та берілмейді.Балалар құры екі сағатқа келіп-кетеді. Меніңше мұны тоқтату керек.

Биыл дәл осындай лагерьлер 729 мектепте құрылып, оған 180 мыңдай бала қатысқан екен. Бұл жайт білім беру саласын бақылайтын комиссия өкілдеріне де ұнап жоқ. Себебі жыл бойы мектептен шықпайтын балаларды жазда да қайта сол оқу орнына қамап қою дұрыс емес екен.

Оңалбай Аяшев

Түркістан облысы мәслихатының депутаты

Әріптесіміз дұрыс айтып отыр. Мектепке жүктеп қояды балаларды демалдырыңдар деп. Бұл не үшін, жай сифр үшін, жасандылық бұл. Мұғалімдердің өздері де демалу керек қой. Олар жазымен лагерлерде жұмыс істеп, қыркүйекте қайта мектепке келеді. Сапалы білім жоқ, не нәтижелі жұмыс жоқ. Бұл болмайды.

Білім саласының жанашырлары балалар мектеп жанындағы лагерлерге емес ақылы демалыстарға барғаны артық деп отыр. Биыл Түркістан облысында оқушылардың жазғы демалысына деп 37 миллион теңге жұмсалып, мектеп оқушыларының 65 пайызы қамтылыпты. Дәл осы көрсеткіш бойынша облыс елімізде қазір көш соңында екен.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*