Басты » Редакция таңдауы » ӨҢТҮСТІКТЕ СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

ӨҢТҮСТІКТЕ СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

Шымкентте спорттық гимнастикадан облыстың ашық біріншлігі бастау алды. Жарысқа қатысуға 90-ға тарта спортшы ниет білдірген. Олар екі күн бойы жолақша мен батутта секіруден сынға түседі.

     Оңтүстік өңірінде акробаттарды дайындайтын тек екі кешен бар. Оның алғашқысы облыстық гимнастика мектебі болса, екіншісі Туркістан қаласындағы мамандандырылған спорт мектебі. Бүгінгі жарысқа осы екі мектептің 90-ға тарта шәкіртті келген. Олар 8 медаль жиынтығын сарапқа салады.

     Алия НУРТАЗИНА, жарыстың бас төрешісі:

     – Бұл жарысқа біз ынта білдірген барлық шәкірттерді қатыстырдық. Олардың еңкішісі 5 жаста болса, ең үлкені 21 жаста. Жарыс екі күннен тұрады. Бүгін қатысушылар жолақшада секірудуен сынға түседі. Негізгі мақсатымыз облыс құрамасын қайта жасақтау.

     Жарыс жеңімпаздары облыс құрамысының сапына еніп, сәуірдің 17-сіне Павлодарда бастау алатын ел чемпионатында бақсынайды.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*