Басты » Редакция таңдауы » Аяусыз адам өлтіргендер әлі күнге бостандықта жүр

Аяусыз адам өлтіргендер әлі күнге бостандықта жүр

Жүрегі қан жылаған ана әділдік таппай әр есікті қағып, талай табылдырықты тоздырғанын айтып арызданды. Тек көрер көз, естір құлақ табылмапты. Ал, ұлын қатігездікпен пышақтап ана дүниеге аттандырғандар бостандықта тайраңдап, тіпті ара-тұра қорқытып кететін көрінеді. Айтуларынша, істі қарап жатқан полицейлер 5 күдіктінің біреуін ғана қамап, қалғандарын қоя беріпті.

Мыналар қамалмағанша қоймаймын. Менің жанымнан артық көретін перзентімді өлтірді. Не үшін олай істеді, соны білгім келеді.

Кісі өлімімен аяқталған оқиға осыдан екі ай бұрын, яғни 24 маусымда орын алған. Туыстарының айтуынша отбасына жақсы таныс азаматтар ағайынды Хасан мен Хусанды дәл осы жерге кездесуге шақырады. Сөйтіп, кешкі сағат онның кезінде тараптар арасында белгісіз себептермен төбелес басталады. Күдіктілердің бір бөлігі Хасанға жұдырық жұмсап, ұстап тұрыпты. Ал, екінші бөлігі бұл уақытта Хусанды аяусыз пышақтаған,-дейді туыстары.

Камала ТУРДИЕВА

марқұмның әпкесі

Хусан әр пышақ тыққанда шыңғырған. Жүрегіне екі рет пышақ ұрған. Үстінің бәрі қан. Көмектес Хасан деп жылаған. Мына жердегі адамдардың барлығы көріп, қарап тұра берген.

Күдіктілер үшінші куәгер келгенде ғана пышақтауын доғарыпты. Сол кезде Хасан қанға бөккен сыңарын көтеріп аруруханаға кеткен. Жолай жедел жәрдемге хабарласыпты. Қара жамылған отбасы полицейлер істі әділ жүргізеріне сенгендерін айтады. Алайда, олай болмады,-дейді ашынып.

Камала ТУРДИЕВА

марқұмның әпкесі

Неге қылмыскерлер қашып жүрді 10 күн. Ұсталғаннан кейін оларға ештеңе болған жоқ. Жібере салды. Неге?

Қайғыдан қан жұтқан туыстары шындық деп шырылдап жатқанда, Қаратау Полиция бөлімінен мына қызметкер шығып, түсірілім топтың жұмысына кедергі келтірді. Білдей майор шеніндегі тәртіп сақшысы дөрекілік танытып, тіпті қол жұмсамақ болды.

Құртшы анауыңды. Өшір камераны. Түсіруге құқығың жоқ сенің. – Майор мырза сіз қызметіңізді асыра пайдаланып тұрсыз. – Өшір деймін. – Боқтамаңыз аға. – Кім сені боқтап тұр.

Аты-жөнін жасырған майор не себепті түсірілім жасауға болмайтынын нақты айтып бере алмады. Тек үнсіз ішке кіріп, аз уақыттан кейін қайтадан тілшілерге дөреклік таныта бастады.

Өзіңізді таныстырыңызшы. – Кімсің сен өзімді таныстыратын.

Қазақстан Республикасының БАҚ туралы заңының 25 бабы 3 тармағында „Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады„,-деп жазылған.

Ал деймін камераңды. – Көке камераны ұстамаңыз. – Сенің түсіруге қандай құқығың бар?

Тараптардың не себепті жаға жыртысқаны, жәбірленушіні не үшін өлтіргені белгісіз. Белгілісі Хусанның артында аяулы жары мен балалары қалды. Ал, жергілікті тәртіп сақшыларының істі әділ жүргеріне сенбеген туыстары, жоғарыдағы басшылардан көмек сұрап отыр.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*