Басты » Медицина » Айықпас дертке шалдыққан бүлдіршіннің анасы халықтан көмек сұрайды

Айықпас дертке шалдыққан бүлдіршіннің анасы халықтан көмек сұрайды

Бір емес бірнеше диагноз бен ауыратын 6 жастағы Аян туылғалы бері төсек тартып жатыр. Өздігінен қимыл қозғалыс жасаудан қалған науқас балақайды ақ халаттылар да қарауға құлықсыз болған. Ауру баласын жалғыз өзі бағып отырған ана қайырымдылық қорынан көмек сұраған.

Мадина Тұрсынбекова 6 жасар Аянның анасы.Оның айтуынша бүлдіршін туылғалы церебралды параличі яғни симптоматикалық эпилепсияның ауыр түріне шалдыққан. Нәрестенің тірек қимыл жүйесі бұзылған,сүйектері қисық орналасқан,бас ми жүйкелері зақымданған. Ауруханада жатып емделседе еш нәтиже бермеген. Жанары жасқа толған ана дәрігерлердің баланы бәрібір адам болмайды деп бірнеше рет қайтарып жібергендігін айтады. Тіпті дәрігерлерге ақша беріп емханада емделу мерзімін создыртқан кездері де болған екен. Ал жедел жәрдем шақырса тек ауруды басатын дәрімен ғана шектеледі. Тіпті орталыққа апарудан үзілді кесілді бас тартып , денсаулығы мүлде жарамайды деп тастап кететін көрінеді.

ТҰРСЫНБЕКОВА МАДИНА

НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ

Басқа жақтың врачтары да солай дейді.Бірінші Нұрсатта жаттық. Нұрсаттан кейін Асарға ауыстьрды.Ол жақтан қайта Нұрсатқа ауыстырды. Осы былтырғы жылдары бізді больницадан больницаға лақтырды.Бұған дейін Ана мен Балағада өзім ұрысып жүріп жатқызған едім. Ол жерден 5 күннен кейін судоргасы ұстап ол жерденде шығарып жіберді. Содан кейін барлық жақта отказ болып ешқайда жатқызбайды бізді.

Науқас бала тудың деп кінәләған Мадинаның жұбайы осыдан бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен. Бүгінде жалғыз басты ана баласының Жәрдемақысымен күн көріп отыр. Алатын 60 мың теңге баласының дәрі дәрмегінен одан қала берді тамағымыздан артылмайды дейді. Мемлекеттен бөлінген тегін дәрі – дәрмекті де ақ халаттылар беріп қатырмайтын көрінеді.

ТҰРСЫНБЕКОВА МАДИНА

НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ

Рожденный болғаннан кейін бұған ешқандай ем әсер етпейді деп бізді қайтарып тастай береді.Тек бөлмеде күтім керек дейді. Жергілікті дәрігерлердің өзі баланы мүгедектер үйіне өткіз дейді. Қолыма қағаз ұстатты. ол қағаздың не екеніне де назар аудармадым. Кейін социолгтар келіп баланы өткізесізбе дегенде бірақ білдім.Сөйтсем әлгі қағазда балада әрі қарайғы ем алуға үміті жоқ деп жазылған екен.Ол маған әрине ауыр тиеді.Ол жағдайы басымнан өткізгендеде бір жылап алдым

Қалалық дәрігерлерден қайран болмаған соң жалғыз басты ана Халықаралық дүние руханият қоғамдық қорынан көмек сұрап келген. Ондағылар барар жер басар тауы қалмаған науқас бүлдіршіннің еміне қаржылай көмек көрсетіп жатқандығын айтады. Жалғыз басты ананың аянышты сөзін тыңдаған қайырымдылық қордың кеңес төрағасы адам жанашырының арашасы осылай істесе өзгесінен не күтеміз деп ашынды.

ҒАНИ ШОТАЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДҮНИЕ РУХАНИЯТ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ

Кейбір отбасылар болады 2-3машинасы бар оларға отказ қыламыз.Ал мына жағдайға оралсақ.Баласы Өте ауыр қалдегі ДЦП. Мұны даже біздің денсаулық сақтау басқармасының өзі отказ қылып отыр.Астанаға жолға жарамайды дейді.Неужели санавиация шақырмайды.Сонда обл здрав не қарап отыр. Біздің Егізбаев мырзамыз.Үйдегі бір бөлмеден шықпасын депті сонда өлсе өле берсін деген әңгіме айтып отқан чиновник қалай Оңтүстік Қазақстан облысын басқарып отыр?Ренанимациядан шығарыпта жіберген.

Аталмыш қорға көмек сұрап келетіндердің қатары күннен күнге көбеюде. Барлығының мақсаты бір. Ол бауыр еті баласын емдетіп аяққа тұрғызу. Ақылы ауруханаға қаражат қол байлау екендігін айтқан ашынған аналар мемлекеттік мекемедегі дәрігерлердің білімсіздігін сынға алды.

Қалай менің жүрегім ауырмайды.Қақаған қыста ол жақта Ақсай мемлекеттік болсада күніне 2000т балаға жатқанымызға алады.Біз Анамен бала жолдамасымен барып тұрсақта.Түсінем балаға тегін мамасына ақша алады.Біз жұмыс істемейміз ауру баланы бағамыз?Қандай адам бізді жұмысқа алады?

Қазіргі таңда қайырымдылық қорында кезекте тұрғандар саны 30- ға жеткен. Оларды арнайы мамандар қабылдап, тексеруден өткізуде. Өз жұмысын ағымдағы жылдың мамыр айынан бастаған аталмыш қор бүгінде науқас сәбилерді емдеуге 5 млн ға жуық қаражат жұмсағандарын айтады.

ЕРҒАЛИ МҰХАМЕДЖАНОВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДҮНИЕ РУХАНИЯТ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қазіргі таңда шындығын айтқанда тас жүрек әке сымақтар көбейген.Қыз туса қыз тудың деп ауру бала тудың деп тастап кетіп жатқандар қаншама.Жұмыс істейін десе ауру баласына қарайтын адам жоқ. Бұл кісілер Алланың назарында.Ал біздің қайырымдылық қор оларға көмек көрсетсек дейміз.

Аталмыш қорға әзірге мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көрсетілмейді. Бұл жүйе елімізде заңдастырылғандықтан қайырымдылық қор мұшелері азаматтар сауабы мол салауатты іске көбірек көңіл бөлсе екен дейді.

МАДИНА АБАЙҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*