Басты » Редакция таңдауы » Көксарай су қоймасынан 3 миллиондай шабақ құтқарылды

Көксарай су қоймасынан 3 миллиондай шабақ құтқарылды

Қазір су реттегіш қоймадағы судың деңгейі күн санап түсіп жатыр. Салдарынан ондаған көлшіктер пайда болып, ондағы балықтарға қауіп төнуде. Табиғатты қорғау мекемесіндегілер су жәндігі қырылып қалмасы үшін құтқару жұмыстарын бастап кетті.

Жылда шілде айынан бастап Көксарайдағы судың деңгейі төмендейді. Биылда осы үрдіс басталғалы негізгі су айдынынан ондаған көлшіктер бөлініп қалды. Ал сол судың өзі аптап ыстықтың салдарынан кеуіп барады. Мұнада ірі балықтардың барлығы аулап алынған. Тек шабақтар ғана қалған. Мамандар қазір оларды арнайы тордың көмегімен аулауға кірісті. Олай жасамаса бәрі де ыстық күннің астында аштан қырылып қалуы мүмкін.

Өмірәлиев Мейіржан

Балық шаруашылығы бөлімінің басшысы

Бүгінгі таңға дейін Көксарай су қоймасынан бөлектеніп қалған көлдерден 3-4 рет шабақтарды құтқару жұмысы жүргізілді. Қазіргі кезде 2 миллион 900 мыңдай шабақ құтқарылды. Бұл жұмыстары әрі өқарай жалғаса бермек.

Түркістан облысытық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары Көксарайдан сүзіп алынған ұсақ балықтарды арнайы мұз толтырылған суға салуда. Арнайы ыдыс ішіне су жәндігі тыныс алсын деп оттегі де жіберілген. Құтқарылған шабақтар енді Көксарай су қоймасының үлкен айдынына жіберіледі.

Сергей Даниленко

Жеке серіктестік қызметкері

Біз қазір қалған майда балықтарды құтқарып жатырмыз. Егер оларды осы маңнан сүзіп алмасақ шабақтар мына жердегі лайқа суда олар үшін тамақ пен оттегі жоқ. Қырылып қалары анық. Біз оларды үлкен суға жібереміз. Сол жақта олардың өсіп-көбеюіне барлық мүмкіндік бар.

Өткен жылы да дәл осындай құтқару жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 5 миллиондай ұсақ балық лайқа судан шығарылған еді. Биыл да мамандар тартылып жатқан ондаған көлшіктерден суасты тіршілік иелерін дер кезінде құтқарып алуға барын салдуда.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*