Басты » Мәдениет » Түркістанға көшпей қалған шенеуніктер Бақытжан Сағынтаевтан сөз естіді

Түркістанға көшпей қалған шенеуніктер Бақытжан Сағынтаевтан сөз естіді

Премьер-министр түрлі сылтау айтып сытылып кеткісі келгендерге ескерту жасап, бір айдың ішінде жаңа облыс орталығына қоныс аударуды бұйырды. Үкімет басшысы су жаңа орталықты дамытуға қаржы сұраған министрлік өкілдерінде сұрақтың астына алды.

Жұмыс сапарымен Түркістанға табан тіреген Үкімет басшысы бірінші кезекте, Шымкенттен қоныс аударған шенділердің жағдайымен танысты. Одан кейін рухани астанадан бой көтеретін жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың сызбасын көрді. Келешекте жасалатын жұмыстардың жоспарын тыңдады.

Осыдан кейін Бақытжан Сағынтаев Астанадан арнайы ат терлетіп келген министрік өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың басын қосып жиын өткізді. Премьер-министр екі ай бұрын облыс және орталық мәртебесін алған Түркістанда тындырылған тірліктерге оң бағасын берді. Ал, болашақта жасалатын жұмыстардың жоспарын облыс әкімінен сұрады. Өз кезегінде Жансейіт Қансейітұлы Түркістанды туристік қалаға айналдыруға барымды саламын,-деді.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ

Түркістан облысының әкімі

Мынау бізге келіп жатқан туристердің өтініші: Туркия-Түркістан-Самарқант әуе жолы ашыла деген өтініші бар. Себебі тек ғана Түркістан емес Самарқант болған жағдайда туристік пакет есебінде біздер үшінде олар үшінде тиімді болып отыр. Бұндай жағдайда тек Түркияның өзінен 1 млн турист келеді. Осындай өтінішпен Малайзия, Индонезияда шығып жатыр.

Үкімет басшысы бұған дейін бөлінген қаржының толық игерілгенін айтты. Сондай-ақ, алдағы уақытта Түркістанды түлетуге тағыда қазынадан қаражат бөлінетінін мәлімдеді. Құжаттар өз уақытында дайын болса, ақшадан таршылық көрмейсіңдер,-деп қысқа қайырды. Сөйтіп, Астанадан келген министрлік өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, шешімін таппаған мәселелердің бар жоғын сұрастыра бастады. 

Бақытжан САҒЫНТАЕВ

ҚР Премьер-министрі

Министр ақшам жоқ деп қарап отырса, ешқашан көшпейді. Елбасы келеді бір айдан кейін, осы жерде отыратын болсын. Өзіңіз бастап алып келесіз.

Баяндамаларды тыңдап болғаннан кейін, Бақытжан Сағынтаев сұралып жатқан ақшаның аударылатынын айтты. Тек сол қаржыны ең бірінші неге жұмсайтындарын білмек болды. Осы кезде ҚР мәдениет және спорт вице министрі Ерлан Қожағапанов Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңын демалыс орындарына айналдыруды ұсынды.

Ерлан ҚОЖАҒАПАНОВ

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі

Кесененің алдында жеке үйлер көп. Кафе ресторандар салынған. Соның барлығын сносқа жіберіп ол жерді рухани-мәдени орталыққа айналдыруымыз керек. Міне Түркістан қаласының жобасы осы жерден басталуы керек.

Сөз соңында Үкімет басшысы қысқа мерзімде қыруар шаруа атқарылғанын, алдағы уақытта дәл осылай жұмыс жасау керектігін айтты. Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев қаланың бас жоспарын бекітіп, құрылысқа кірісуді тапсырды.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*