Басты » Мәдениет » Құрбан айт мерекесін Шымкент жұрты зор қуанышпен тойлады

Құрбан айт мерекесін Шымкент жұрты зор қуанышпен тойлады

Мереке күні таңертең облыстық орталық мешітке жиналғандардың қарасы көп болды. Айт намазын оқыған жамағат ұлттық құндылықтарымыздың ұлықталғанына куә болып қайтты.

Қасиетті құрбан айт күні әдеттегідей таңмен таласа облыстық орталық мешітке ағылғандардың қатары көп болды. Балаларын жетектеген үлкендер мен егде жастағылардың барлығы да жаратушының мол сауабын алу үшін Алла үйіне қарай асықты. Келгендерге мешіттің бас имамы құрбан айттың құндылықтарын айтып. намазға бірге жығылды. Жылдағыдай қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та жиналғандармен сап түзеп, айт намазын осында оқыды.

Жалпы құрбан айт мерекесі күні күллі мұсылман жұрты бойын тазалап, сәнді киініп, денесіне қош иіссу сеуіп мешітке келуі міндет. Осы дағдыдан жаңылмағандар мешітте бірімен қол алысып, мерекемен құттықтап жатты.

Бақтыбай Бейсенбаев

Шымкент қаласының бас имамы

Сондай-ақ бұл мерекелік шаралар Шымкент қаласы мен аудандарда тойланып жатыр. Тойланғанда тек қана айт намазын оқып, құрбандық шалу ғана емес бұл жерде ұлттық дәстүрлеріміз де уағыздалуда. Бүгін қала мен аудандардағы мешіттерде филармония әншілері де өнер көрсетуде.

Жалпы Құлшылық үйіне жиналғандар айт намазын оқып, салиқалы уағыздар тыңдап қана қоймай ұлттық ойындарды да тамашалады. Жастар жағы болса ұйыдастырылған ойындарға қатысып, жүлде ұтып -мәз мейрам болып жүр.

Азат Асанов

Қала тұрғыны

Бүгін орталық мешітке айт намазын оқуға келген едім. Ұлттық ойын болып жатқан екен оған да қатысып, қойды 125 рет көтердім.

Медеу Қыстаубаев

Қала тұрғыны

Біздің бала күнімізде мешітке онша көп адам келмейтін. Қазір жас пен кәрісі бар осындай мерекелерде мешітке ағылады. Бұл заманымыздың түзеліп келе жатқанын көрсетеді.

Биыл Шымкентте осымен екінші рет Құрбан айт мерекесінде мешіттерде түрлі ұлттық ойындар өткізіліп, қатысушыларға муфтият бағалы сыйлықтар табыстауда. Осылайша ресми мерекелер қатарынан орын алған құрбан айт мейрамын атап өту жыл өткен сайын халық арасында кең сипат алып барады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*