Басты » Редакция таңдауы » “АЛТЫН ДӘН” ӨНІМДЕРІ ЖАҢАША ОРАМАМЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

“АЛТЫН ДӘН” ӨНІМДЕРІ ЖАҢАША ОРАМАМЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

     «Алтын дән» компаниясының өнімдері жаңаша безендірілген қаптамамен шыға бастады. Яғни, ұн, макарон және сүт тауарларының орауыштарында «Әркімнің даусы маңызды» деген жазуы бар көк түсті стикерлер жапсырылған. Бұл ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні өтетін кезектен тыс ҚР Президенттік сайлауына орайластырылған акция.

     1998 жылы құрылған «Алтын дән» ЖШС тамақ өнеркәсібімен айналысып келеді. Бүгінде ауылшаруашылық өнімдерінің бірнеше түрін заманауи үлгіде шығарып, тұтынушыларға сапалы өнімдерін ұсынуда. Тауарға деген сұраныстың молдығына байланысты олардың сырт пішіндеріне сайлауға қатысуға үгіттейтін стикерлер жапсырып шығаруда екен. Бұл азаматтық парызымыз деп білеміз дейді кәсіпорын басшылығы.

     Болат БЕЙСЕНБАЕВ, «Алтын дән» ЖШС директорының орынбасары

     – Компанияның диірмен кешені тәулігіне 500 тонна өнім өндіруге қуатты екі зауыттан тұрады. Бұл өнімнің 50 пайызы Қазақстанның қалаларына тарайды. Бұл дегеніміз халықты саяси науқанға белсене қатысуға шақыратын тиімді жол деп білемін. Сондықтан осындай стикерлерді жапсырып шығаруға бел байладық.

     Тауарлардың сыртқы қабшықтарына саяси науқанға үндейтін 12 мыңнан астам стикер жапсырылуда. Бағасы арзан, сапасы жоғары «Алтын дән» өнімдері елімізден бөлек Қырғыстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан сынды алыс жақын шетелдерге де тарайды.

     «Саясатпен сен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады». Дәл осындай қағиданы ұстанып, өнімдеріне «Әркімнің даусы маңызды» деген жазуы бар стикерлерді жапсырып шығарып жатқан өңірімізде тағы 10-ға жуық кәсіп орын бар екен.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*