Басты » Мәдениет » Назима Жәнібекова туған жеріне келді

Назима Жәнібекова туған жеріне келді

Ресейлік «Песня» сайысында өз талантымен көзге түскен жерлесіміз Назима Жәнібекова туған жеріне келді. Фанаттарымен жүздесіп, қолтаңба берген ол хит әндерін орындап, табынушыларымен бірге суретке де түсті. «Шымкент менің өз үйім»- деп ағынан жарылған әнші қараша айында жеке концертін беруді жоспарлап жүргенін жасырмады.

«Black Star» музыкалық лейблының әншісі Назима – қалың көпшілікке ресейлік «Песня» жобасы арқылы танылды. Жоба жетекшілерінің бірі Тиматидің көзіне түскен шымкенттік ару – «Black Star» продюсерлік орталығымен келісім шарт жасасқан болатын. Содан бері түрлі концерттік турларда өнер көрсетіп, тек Қазақстан емес бүкіл ТМД аумағында танымалдылыққа қол жеткізді. Бүгінде оның әндерін табынушылар сүйіп тыңдайды, жатқа айтады.

Назима феноменінің сыры – әншінің шынайылығы мен әндерінің сөзі мен ырғағының өзара жымдаса қабысып жатқан үйлесімінде болар. Өйткені оның әндерін тыңдамау, әуезіне билемеу, қосыла шырқамау мүмкін емес. Назиманың фан кездесуіне келгендердің басым бөлігі жастар. Арасында мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері де бар. Олар әншімен қосыла ән шырқап, суретке түсіп, қолтаңба алды.

Мерей

Мен мұнда Назимамен суретке түсуге келдім, автограф алуға келдім. Әндері әдемі, ол маған ұнайды. Маған оның Реал уан, Бабл Гам, және Тиматимен айтқан әні ұнайды.

Журналисттерге берген сұхбатында Назима Блакстар отбасының өте тату екенін, бұрынғы сайыс барысындағы бәсекелестерімен қазірде достық қарым қатынаста екенін айтты. Тиматидің командасында жұмыс істеп жатқан Назима Жәнібекова туған жеріне концерттік турмен келетінін де қуана бөлісті. Өз фанаттарына ризалығын жеткізді.

Назима Жәнібекова

әнші

Тиматимен жұмыс істеу жеңіл. Көңілді. Өйткені ол үнемі көңілді жүреді. Ешқашан ұрысқан емес. Түсіндіреді. Сынды орнымен айтады. Яғни онымен расында да жұмыс істеген өте жеңіл. Студияда түнімен тректер жазамыз. Ол әрқашан көмектеседі. Мен реп оқуды өткен жылы ғана бастадым. Егер жаңыла бастасам ол мені түзетеді, үйретеді, түсіндіреді.

Нұрзина Төрехан

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*