Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте жаңа оқу жылы басталмай жатып шу шықты

Шымкентте жаңа оқу жылы басталмай жатып шу шықты

Оқушыларды тасымалдайтын автобустың жоқтығын айтқан ата-аналар білім басқармасын басына көтерді. Айтуларынша, жауапты басшылар көлік беруге уәде етіп, артынан алдап кеткен көрінеді. Ақыр соңында, арнайы автобус бөлу заңға қайшы келеді, сондықтан балаларды өздеріңіз тасып алыңыздар,-депті. Ата-аналардың сөзіне сенсек, қазір Достық пен Асар шағын ауданы арасында қатынап оқитын 200 оқушы бірнеше күннен бері сабаққа бара алмай жүр.

Бүгінгі күнге дейін болады деп келді. Мен ата-аналарға болады деп айтып қойдым. 83 ата-ана бар.

Достық шағын ауданының тұрғыны Баян Мамаева білім басқармасына амалдың жоқтығынан келіп отырмын,-дейді. Cебебі бірінші сыныпқа барған немересін Асардағы №89 мектепке алып бару қиындық тудырып отырған көрінеді. Өйткені, өткен жылы балаларды тасымалдаған автобусты билік басындағылар биыл бермей қойыпты.

Баян МАМАЕВА

ата-ана

Балалардың жағдайын неге жасамайды. Неге бермейді автобус. Мен соған бола келіп отырмын. Немерем бірінші сыныпта оқиды. Мен оны Достықтағы мектепке бермеймін. Себебі орыс сыныбында оқып жатыр Асарда. Біздің тілегіміз автобус берсін. Халықтың, балалардың жағдайын жасасын.

Ал, ата-аналар комитетінің төрағасы, әрі Достықтағы 200 оқушының тасымалын мойнына алған Сайдынгүл Асан балалар екі күн сабақтан қалды,-деп шырылдады. Оның айтуынша, автобус мәселесі өткен жылы да болған. Таласып-тартысып жүріп ақыры шенеуніктер көлік тауып берген еді,-дейді. Ал, жүргізушінің жалақысы мен жанармайды ата-аналар қалтасынан төлепті. Сол жағдай биылда қайталанбас үшін алдын-ала білім басқармасына өтініш беріпті. Жауаптылар жылы шырай танытып, шешіп беруге уәде еткен. Тек жаңа оқу жылы басталғанда айтқан сөзінен тайқып шыға келді,-дейді.

Сайдынкүл АСАН

ата-аналар комитетінің төрағасы

Міне список тұр. Осы списокпен үйлерінен алып шығамын, отметка жасап. Бала мектептен шықты ма, қай жерден түсті бәрін ата-аналарына айтып отырамын. Ата-аналар балаларын маған тапсырған. Олар менің мойныма аманат. Әр бастық ауысқан сайын жүгіруім керек па? Берсін бір автобус бекітіп. Сол тұрсын.

Ата-аналардың шуынан кейін тасымалға жауапты тұлғалар төбе көрсетті. Құжат басқарма басшысына жолданғанын, бір екі күнде мәселе шешілетінін айтты шенділер.

Мен сізге уәде бердім ғой. Хат бастықтың алдында жатыр. Әлі шықпапты. Мен шешіп беремін,-дедім ғой.

Білім басқармасындағылардың бірі автобус мәселесін шешіп беруге уәде етсе, енді бірі мұның заңсыз екенін алға тартты. Дәулетхан Нәлібаевтың айтуынша, Достық шағын ауданында 1200 орынға арналған мектеп бар. Білім ұясы осындағы балаларды толық қамти алады. Сондықтан, арнайы автобус бөлу талапқа сай емес,-деді.

Дәулетхан НӘЛІБАЕВ

Шымкент қалалық білім басқармасының бас маманы

Арнайы автобус беру заңды емес. Заңға тура келмейді. Ал, өткен жылы заңсыз болса неге берілді,-деп сұрап отыр. Ол кезде ата-аналардың өтініші бойынша, басқармаға қарасты автобустар бос болған соң бердік.

Қазіргі таңда ата-аналар балаларды білімнен айырмас үшін жеке автобус жалдапты. Оның өзі жиі бұзылып, әбден әбігерге салатын көрінеді.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*