Басты » Мәдениет » ҰЛТТЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ

Шымкентте қазақ ұлттық театрлары арасында өткен ІІІ республикалық фестивалі өз мәресіне жетті. Еліміздің 6 өнер ордасы 5 күн бойы қоржындарындағы ең таңдаулы қойылымдарын cахналап, қазылар алқасын тәнті етуге тырысты. Ал, әртістердің өнерін Асанәлі Әшімов бастаған зиялы қауым өкілдері бағалап, ең мықтысын анықтады. Жеңіс тұғыры кімге бұйырды?

     Шараның шымылдығы облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының арнайы даярлаған қойылымымен ашылды. Яғни олар, 6 театрдың сахналаған шығармаларын әзілмен көрсетіп, пародия жасады.

     Сайыстағы «Тарихи тақырыпты меңгергені үшін» аталымын облыстық өзбек драма театры еншілесе, «Өзекті тақырыпты меңгергені үшін» номинациясы Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрына бұйырды. Режиссерлық қырынан өзгеден озық болған неміс драма театры да қошеметтен құр қалмады. Ал, 100-ден жүйрік, 1000-нан тұлпар шыққан корей музыкалық комедия театры «Үздік спектакль» аталымын жеңіп, сыйға 500 мың теңге берілді.

     Театр ұжымы 5 күннің ішінде қазылар алқасын тарихтың тереңіне үңілтіп, әдебиет айдынына бойлатып, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін де қойылыммен көрсете білді. Қазылар алқасы, әртістердің өнерін тиісті деңгейде бағалады. Алайда, сын түзелмей мін түзелмейтінін алға тартты.

     Қазақ ұлттық театрлары арасында өткен 3-ші республикалық фестивалі әр 2 жыл сайын өткізіледі. 2017 жылы Астана қаласында жалғасын таппақ.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*