Басты » Редакция таңдауы » Балабақша меңгерушісінен қысым көрген тәрбиешілер арнамызға арызданды

Балабақша меңгерушісінен қысым көрген тәрбиешілер арнамызға арызданды

Айтуларынша, басшылары мемлекеттік мекемені жеке меншігіне айналдырып алған. Қит етсе қуамын,-деп қорқытып, ойына келгенін істейтін көрінеді. Тіпті ағайын- туысын жұмысқа тіркеп қойып, заңсыз жалақы аударады екен. Онымен қоса, балабақшаға тиесілі заттарды үйіне алып кетіпті. Төзімі таусылған тәрбиешілер тәртіп орнатар біреу табылмай отыр,-деп шырылдайды.

Төлеби ауданы Момынай ауылындағы „Айсәуле„ балабақшасының ұжымы жазған хат бұл. Онда басшылары мемлекеттен бөлінген қаржыны жеке басының қажеттелігіне жұмсап, онымен қоймай қол астындағы қызметкерлерінен де ақша жинауды әдетке айналдырғаны айтылған. Тіпті жұмысшыларды мәжбүрлі түрде ақысыз демалысқа шығаруда үйреншікті жағдай екен.

Басшымыз жұмыс орнында көп бола бермейді. Тек ақша үшін келеді, балалардың ақшасын жинап алу үшін.

Мәселенің ақ-қарасын айырмаққа „Айсәуле„ балабақшасына бардық. Арыз иелері орнында екен. Тек шындықты айтуға батылдары бармады. Себебі телеарнаға шағымданғанын білген басшылары осыдан бірер күн бұрын келіп, әбден қорқытыпты. Тіпті аудан басшылары тарапынан да қысым болған көрінеді. Мән-жайды шыдамым шегіне жетті,-деп шырылдаған қарауыл айтып берді.

Нұрғали ЖАРТАЕВ

Айсәуле„ балабақшасының күзетшісі

Жұмыстың барлығын бізге жүктеп қойған. Қысымен үш күзетші кочигардың жұмысын істедік. Ал, оның айлығын қайын атасы жаздырып алып отырды. Біздің еңбек ақымызды беріңіз десек, ұнамаса есік анау тұр, арыз жазып кете беріңіздер дейді.

Меңгерушінің менмендігі мұнымен шектеліп қалмаған. Айтуларынша, мемлекеттен балабақшаға бөлініп берілген тұрмыстық техникаларды басшылары үйіне алып кеткен. Құзырлы орындарға жазылған арыздан кейін алған заттарын қайтарыпты. Сөйтіп, 7 тамыз күні денсаулығы сыр беріп, ем алуға кетіпті.

Нұрғали ЖАРТАЕВ

Айсәуле„ балабақшасының күзетшісі

Біз „Нұр Отанға„ жаздық, прокуротураға жаздық. „Нұр Отан„ жарты жолдан тастап кетті бізді. Ешкім жауап берген жоқ.

Аталған балабақша Аққұм ауылдық округінің меншігінде. Жергілікті әкім болып жатқан былықтан хабардар. Тек құзырлы органдардың тексерісінен кейін ғана қандайда бір шара көре аламын,-деді ол.

Берік РАХИМОВ

Аққұм аулдық округінің әкімі

Барлық жерге арыз жазылған. Тексеру жүріп жатыр. Оның үстіне меңгеруші больничныйда жатыр. Тексеру біткен соң шара қолданамыз.

Балабақша ұжымы билік басындағылар бізді қорғаудың орнына қысым көрсетіп жатыр,-дейді. Сондықтан да, басшылары жазадан құтылып кете ме,-деп қорқады екен.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*