Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте жаңа тұрғызылған 20 үй сүрілгелі тұр

Шымкентте жаңа тұрғызылған 20 үй сүрілгелі тұр

Қиратылатын баспаналар жол құрылысына кедергі жасауда. Ал,тұрғындар болса жайлы баспаналарынан тапжылатын емес. Сондықтар құрылыс жұмыстары біраздан бері тоқтап тұр. Жоспар бойынша жол келер жылдың басында пайдалануға берілуі керек. Әкімдік бұзылатын үйдің қожайындарымен бір ымыраға келмесе, құрылыс аяқсыз қалуы мүмкін.

Ынтымақ-2 шағын ауданының ортасан кесіп өткен 7 шақырымдық жолдың бір басы Батыс Қытай-Батыс Еуропа магистралына барып түйіссе екінші шеті Шымкент қаласынан шығатын ӘлФараби көшесімен жалғасады. Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың көктемінде басталып, бүгінге дейін 6 шақырымы ғана біткен. Әл-Фараби көшесімен жалғасуға 1 шақырым қалғанда жол құрылысы бірден тоқтап қалған. Себебі құрылысты әрі қарай жалғастыруға тұрғын үйлер бөгет болып тұр. Ынтымақ-2 шағынауданында қазір дәл осы жаңа жолдың орнында таяуда ғана тұрғызылған 20 -дан астам үй тұр. Осындағылардың көбі қазір үй салар кезде дәл осы арадан жол құрылысы басталатынын білмедік деп өкініп отыр.

Нарметов Бахтияр

Құрылыс нысанының басшысы

Бұл жерде әлі үйлерді сүру жұмыстары бар. Осы мәселе қолды байлап тұр. Егер жол орнына салынған үйлер бұзылса, жұмысты уақытында аяқтайтын едік. Қазір сол 900 мерт жерде үйлер болғандықтан еш қималдай алмай қалдық. Тұрғындардың баспанасын бұзумен әкімдік айналысуы керек. Ал олар ешқандай жұмыс жасап жатқан жоқ.

Билік өкілдері үйлерің сүріліп, орнына жол түседі дегесін мұндағы жұрттың көбі қазір баспаналарын тастап кетіп қалған. Тіпті тұрғындар арасында бұл хабарды төбесінен жай түскендей қабылдап, жүрек талмасына ұшырап жатқандары да жоқ емес екен. Себебі өмір бойы жиған-тергеніне әрең дегенде баспана тұрғызғандарға бұл жайт оңай тимесі анық. Жылы ұяларын босатуға мәжбүр болғандара алдымен жерді таратып, сосын халықпен санаспаcтан кабинеттерінен шықпай-ақ қаланың жоспарын жасайтын әкімдердің әрекетіне өкпелі. Жалпы жол құрылысына байланысты бұзылатын үйлердің мән-жайын білу үшін қалалық жер қатынастары басқармасына жүгінген едік. Алайда жауаптылар аталған мәселеге үн қатудан бастарын ала қашты. Бізге белгілі тұсы жұртты жылы орнынан айырайын деп тұрған көше құрылысына қазынаның 3 миллиард 800 миллион теңгесі жұмсалғалы тұр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*