Басты » Мәселенің түйіні » Өрт сөндіруші, екі адамның өмірін құтқарды

Өрт сөндіруші, екі адамның өмірін құтқарды

Бейбіт күннің батыры! Шымкентте өрт сөндіруші жанып жатқан үйден екі адамды аман алып шықты. Басын бәйгеге тігіп, өзгенің өмірі үшін алысқан Абзал Жакибаевқа елдің айтар алғысы шексіз. Халық ержүрек өрт сөндіруші екі адамды емес, бүтін бір үйдің тұрғындарын үлкен қауіптен құтқарды,-дейді.

Оқиға 5-ші қыркүйек күні қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Достарына қонаққа келген өрт сөндіруші Абзал Жакибаев түнгі сағат 10-30 шамасында таза ауамен тыныстауға далаға шығыпты. Осы кезде әлдекімдер төртінші қабаттағы пәтерлердің бірі жанып жатқанын айтып, көмек сұраған. Ішінде адамдар қалды,-деп айғайлағанда Абзал еш ойланбастан жәрдем беруге асығыпты.

Абзал ЖАКИБАЕВ

1 ӨСБ аға өрт сөндіруші

Есікті бұзып кіргенде ас бөлмесі жанып, от дәлізге өткен екен. Үстімдегі киімімді сулап алып ішке кірдім. Жерде жатқан әйелді көріп сыртқа алып шықтым. Көршілеріне тапсырдым. Көрішілері іште тағы бір адамның бар екенін айтты. Ол кезде қап-қара түтін болып жатқан. Еңбектеп жүріп оны да тауып сыртқа алып шықтым.

Өз өмірін қатерге тігіп, өзгені өлімнен арашалап қалған Абзал Жакибаев жергілікті тұрғындар үшін нағыз қаһарманға айналған. Құтқарушыларын көрген халық ыстық ықыласпен қарсы алып, алғыстарын жаудырып жатыр. Әсіресе, жаста болса бас болып қауіптің бетін қайтара білген ерлігіне тәнті болды,-жұрт.

Қалбек ДИХАНБАЕВ

137/А үйдің үй төрағасы

Мен айттым, өзіңе бірдеңе болып қалмасын кірме,- деп. Ол жоқ мен кіруім керек деп киімін сулап алып, еңбектеп кіріп кетті. Іште қалған адамдарды алып шықты. Бүкіл тұрғындар ризамыз. Шүкір бұл жігіттің осы үйге мейманға келгеніне. Алғыс хат жазып жібердік.

Дегенмен, арадан апта өтсе де, тұрғындар әліде болса үрейленіп жүр. Абзал Жакибаев жедел әрекет етпегенде бүтін бір үй қирап қалар еді,-дейді.

Бұл ішке жүгіргенде бір жігіт газды жауып үлгерді. Олай болмағанда жарылыс болатын еді. Екі пәтер емес, бүкіл үй зардап шегетін еді.

Абзал Жакибаевтың өзі болса, жасаған ісін ерлікке баламайды. Әрбір өрт сөндіруші жұмыста немесе жұмыстан тыс уақытта адам өмірін арашалауға әрдайым дайын болу керек,-дейді.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*