Басты » Редакция таңдауы » Біліктілігі жоғары мұғалімдер еселеп жалақы алып отыр

Біліктілігі жоғары мұғалімдер еселеп жалақы алып отыр

Жаңа бағдарламаны меңгергендерге үстемақы беріліп жатқандықтан Шардаралық ұстаздар жаппай біліктілікті арттыруға көшті. Аймақтағы кейбір мектеп басшылары өз мұғалімдерінің қайта оқытуға жіберіп жанталасуда. Себебі баланы тың әдіспен оқытқан ұстаздарға биылдан бастап 30,70 және 100 пайыз қосымша еңбекақы төленуде.

Гүлжан Ғаниева

Б. Соқбақбаев атындағы ЖОМ директоры

Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқып келген деңгейіне байланысты төленіп жатыр. Яғни 1-2-3 деңгейді оқып келсе, сәйкесінше мұғалімдердің айлығына бүгінде 30,70 және 100 жалақы қосылауда. Бұл ұстаздардың мәртебесін көтеруге үлесі зор. Сонымен қатар жаңартылған білім беруде оқушы мен ата ана үнін тыңдау деген бар.

Оқытушылар жаңартылған оқытудағы оқушы мен ата үнін тыңдаудың тиімділігі көп деп отыр. Ең алдымен мектеп пен ата-ананың арасындағы қарымқатынас жақсарып, қос тарап та толқынның лайықты білім ауына жауапты болады. Бұл әзіресе ҰБТ кезінде өтек керек көрінеді. Көптеген балалар біріңғай сынақ алдында өзіне жақын, болашақ мамандығына керекті таңдау пәнін дәл анықтай алмай жатады. Осы уақытта мұғалімдер баланың ата-анасымен кездесіп, ұлының қай сабақты үздік оқитынын жеткізіп, осылайша мамандығын айқындауға септігін тигізіп жатады екен.

Гүлжан Ғаниева

Б.Соқбақбаев атындағы ЖОМ директоры

Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша қазір мұғалімдеріміздің 70 пайызы жұмыс жасайды. Аудандық білім бөліміне тағы сұраныс беріп қалған оқытушылардың біліктілігін арттыруды көздеп отырмыз. Осы 1-2 жылдың көлемінде 100 мұғалім осы жүйемен жұмыс жасйды. Жаһандану дәуірінде біз дамыған 30 елдің қатарына кіргелі тұрмыз. Осы межеге кіру біздің балалардың білімінің жоғары болғанын талап етеді.

Ұстаздардың пікіріне сүйенсек жаңарталыған оқыту бағдарламасы балаларды топ болып жұмыс жасауға баулитын көрінеді. Балалар сабақ барысында өзіне өзіні баға беріп, оқуға деген ынтасы артады екен. Бұрын сабақ үстінде аузын ашпайтын ұяң балалар осы жаңа жүйе енгелі керісінше ашылып, белсенді бола бастапты. Сонымен бірге кейбір мектеп басшылары жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде өткізуді аса құп көріп отыр. Себебі бүгінгі таңда шет тілін білген баланың болашағы жарқын дейді.

Таған Әліпбаев

Шардара аудандық №12 ЖОМ директоры

Мәселен шетелге „Болашақ„ бағдарламасына оқу үшін ағылшын тілін білсеңіз болғаны. Шекара сыртында оқып келгендер елімізде жақсы қызметттерге жайғасып жатыр. Міне сол үшін шет тілін білгеннің артықшылықтары көп. Сондықтан қазір мектепте арнайы мамандар мұғалімдерге сабақтан беріп шет тілін үйретіп жатыр.

Шардара қаласындағы №12 жалпы орта мектебінде бүгінде 80 мұғалім жұмыс жасайды. Білім ордасы ыңғайластырылған шағын болғанына қарамастан 520 білім алады. Мектепте 2016 жылы Ақтөбедегі әскери бөлімге баса-көктеп кірген лаңкестердің қолынан қаза тапқан Сапар Досболға арнайы тақта ілінген. Себебі отан алдындағы міндетін өтеу үстінде қыршын кеткен бозбала дәл осы елді-мекенде туып-өскен. Оның анасы да осы білім ұясында еңбек етеді.

Гаухар Батырымбетова

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сапар Досболдың ерлігі бүгінгі жастарға үлгі болсын деп біз мектепке арнайы тақта іліп отырмыз. Ол біздің ауылдың тумасы. Жастар осы батыр жігітке қарап бой түзеу керек.

Жалпы Шардара ауданында бүгінде 31 мектеп бар. Оның 24 жалпы білім береді. Қалғандары шығын жинақты бастауыш оқу орындары. Ауданда аппатты және үш аусымды деп танылған білім ошақтары тіркелмеген. Бірақ тозығы жеткен ғимараттар жоқ емес. Сондықтан биыл екі мектептің жанынан қосымша құрылыс басталған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*