Басты » Редакция таңдауы » Аялдамада түнеп, адамдарды балағаттайды

Аялдамада түнеп, адамдарды балағаттайды

Қала тұрғындары мүгедек азаматтың 4 күннен бері Дархан автовокзалы маңында түнеп жүргенін айтып арызданды. Өздігінен жүре алмайтын ол өткен кеткеннен ақша сұрап, қарнын тойғызады екен. Кейде жарамды таңамын,-деп алдап, спирттік ішімдік алдырып ішетін көрінеді. Ең сорақысы отырған орнында дәрет сындырып, айналадағы адамдарға қолайсыздық туғызады,-дейді арызданушылар.

Мына жерге кім алып келді сізді? Арбаңыз қайда?

Екі аяғынан бірдей айрылған бұл азаматтың осында отырғанына үш тәуліктен асқан. Бейнекамераға сөйлеуден бас тартқан ол қол арбасының қайда қалғанын білмейтінін айтты. Бұл жерге кімнің алып келгені де белгісіз. Өткен кеткен адамдар аянышты халін көріп, тиын тебен тастап кетеді екен. Тіпті тамақ алып беретіндер де кездеседі. Алайда, осы маңда сауда жасайтындар ашулы. Айтуларынша, айнала қоқысқа толып, сасық иіс елдің мазасын қашырып жатқан көрінеді.

Дәмегүл ДИХАНБАЕВА

қала тұрғыны

Үш күн болды отырғанына. Мен полиция шақырдым. Келіп тиісті орынға апарыңыздар десем, ештеңе істемейді.

Дәмегүл Диханбаева түсірілім топтың алдында 102-ге хабарласып, шағым түсірді. Жан-жақты ақпаратты сұрап алған кезекші, таяу арада тәртіп сақшыларының баратынын айтты. Бірақ, арадан бір сағат өтсе де, ешкім келмеді. Осыдан кейін, әлеуметтік бейімдеу орталығына хабар берілді.

Арнайы топ жан-жақты тексеріп болғаннан кейін, азаматты алып кетпек болған. Алайда, ол бармаймын,-деп жанжал шығарды. Қызметкерлерді балағаттап қарсылық көрсетті. Дегенмен, топ мүшелері оны далада қалдыра алмады. Сөйтіп, күштеп бейімдеу орталығына жеткізді. Ол мұнда душ қабылдап, одан кейін дәрігерлердің қарауында болады.

Лиза МАВЛАТОВА

аға медбике

Бізге түскеннен кейін тағы тексереміз. Жуындырамыз. Киіндіреміз. Содан кейін құжаттарын рәсемдеп, дәрігердің қарауына жібереміз. Егер денсаулығы қалыпты болса, орталыққа жайғастырамыз. Әрі қарай орталықтың бекітілген кестесіне сай өмір сүреді.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, бұл азаматтың туыстары болса, оны алып кетуіне болады екен.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*