Басты » Редакция таңдауы » Заң талаптарын қатаң сақтау керек!

Заң талаптарын қатаң сақтау керек!

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала әкімдігінің активімен кездесті. Жаңадан құрылған жергілікті аумақтық мемлекеттік орган өкілдері және әдеп жөніндегі кеңес уәкілдерінің қасытуымен өткен жиында департаменттің басшылық құрамы таныстырылып, атқаратын қызметінің негізгі бағыттары түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызмет көрсету, жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыға түсті.

Әли КӨМЕКБАЕВ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Жиын кезінде департамент басшысы Әли Көмекбаев мемлекеттік органдардың басшыларына, заң талаптарын қатаң сақтау керек екендігін жеткізді. Олай болмаған жағдайда, қызметкерлердің жауапқа тартылатынын ескертті. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 22 басқарма бар. Ондағы қызметкерлер саны 721. Сонымен қатар, орталық атқарушы мемлекеттік органдардың Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменттері құрылған. Сөйтіп, мегаполистегі мем қызметкерлердің жалпы саны 1300-ге жуықтаған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*