Басты » Қоғам » Шардара ауданында өндірілген балықтың 80 пайызы шетелге экспортталуда

Шардара ауданында өндірілген балықтың 80 пайызы шетелге экспортталуда

 

Қазақстандық өнімге Еуро Одақ елдері сұраныс білдіруде. Өңірде жұмыс жасап тұрған 4 зауыт жылына 5200 тонна суды мекендеген қанатты жәндікті қайта өңдеуде. Жыл соңына дейін бесінші зауыт іске қосылғалы тұр.

Шардарадағы Жалғасбаев жеке серіктестігі 2016 жылы алғашқы өнімін шығара бастады. Содан бері 4100 тонна көксерке балығын шетелге экспорттаған. Қазір мұнда күніне 5 тонна суасты жәндігінің еті өделуде.

Тұрар Нұргелдиев

Өндіріс технологі

Біздің цехта көксерке балығынан сүбе шығарамыз. Күніне 5 тоннадан шығарғанда айына 150 тоннадай дайын өнім өндіреміз. Бізден шыққан сүбелер еуростандарттарға сай. Сондықтан балықтың 80 пайызы Еуропаға экспортталады.

Зауыт өнімін әсіресе Дания мен Голландия елдері аса сүйіп тұтынады екен. Дәмі тіл үйіретін Шардараның балығын мұндағы кәсіпкерлер әлемдік сапа стандартына сай дайындауды меңгеріп алған. Өңделген өнім 100 күнге дейін сақтауға жарамды екен. Осындағы қырыққа жақын қызметкер тулаған тіршілік иесін сүйегінен ажыратып, оны -30 градуста тоңдырып барып, пайдалануға жібереді.

Анар Түкібаева

Зауыт жұмысшысы

Мәселен бізге таза 20 келі балық берілсе одан 10-11 келі етті ажыратып береміз. Көбіне балықтың семіз не арық болғанына байланысты ет шығады. Мәселен майда балықтардан 10 келі берілсе одан таза 5 келіден аса ет алынады.

Қазір Шардара ауданында 4 балық өңдеу зауыты жұмыс жасап тұр. Олардың қуаттылығы жылына 5200 тонна. Дайын тауардың 20 пайызы отандық нарыққа шықса, қалғаны шекара асады.

Өмірбек Рүстемов

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

Жылсайын 4,4 миллиард теңгенің балығы шетелге экспортталады. Бұл Еуроодақ пен Ресей және ТМД елдеріне жіберіледі. Бізде қазір төрт балық зауыты болса, тағы бесінші зауыт салынғалы тұр. Ол да экспорт бағытына арналған.

Яғни Шардара ауданындағы бесінші балық зауыт үстіміздегі жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп жоспарлануда. Өндірісте 20 адам жұмыспен қамтыламақ.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*