Басты » Мәдениет » ШЫМКЕНТТІК ЖАС ӨНЕРПАЗДАР ЕЛДІҢ ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНДІ

ШЫМКЕНТТІК ЖАС ӨНЕРПАЗДАР ЕЛДІҢ ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНДІ

Астана қаласында өткен 36-шы Республикалық жас орындаушылар байқауына шаһарымыздан 38 өнерпаз аттанып, олардың 11-і жүлдемен оралды. Бүгінде, ел мақтаныштары, дайындықтарын пысықтап, асқақ армандарына 1 табан жақындауда.

     Өңіріміздің абыройын өркендеткен өнерпаздың бірі Төлеген Аян. Ол, облыстық музыкалық саз колледжінің 3-ші курс студенті. Ауқымды байқау, өнер иесінің бақ сынап отырған алғашқы сайысы екен. Жүрегін шүберекке түйіп, толғанысын басып, орыс, қазақ, әлем шығармаларын тиісті дәрежеде орындады. үздік шығып, 1-ші орынды қанжығасына байлады.

     Шаһарымыздан ән салу бөлімі бойынша, қос өнерпазда қабілетін көрсете білді. көмейіне құмыр құс ұялаған әншілер 2-ші орынды қанағат тұтыпты. алдағы уақытта, биік белестерді бағындырып, көшбасшылар қатарынан көріну үшін, білек сыбана дайындыққа кірісіпті.

     36-шы Республикалық жас орындаушылар байқауы жылына 2 рет өткізіледі. дәстүрлі сайысқа еліміздің ең үздік, талантты жастары ғана қатысуға мүмкіндік алады. яғни олар, Хорды дирижерлық ету, ішекті аспаптарда үздік орындау, ән салу, дәстүрлі ән орындау бойынша, сынға түседі.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*