Басты » Редакция таңдауы » Отырар ауданының әділет басқармасының басшысы мас халде полицияға ұсталды

Отырар ауданының әділет басқармасының басшысы мас халде полицияға ұсталды

Спиртті ішімдік ішіп, басшылық қызметпен қош айтысты.

Отырар ауданының әділет басқармасының басшысы мас халде полиция қызметкеріне ұсталды. Жұмыстан тыс уақытта көңіл көтерген басшы 3 жылға көлік басқару құқықынан айрылғанымен қоса, қызметтен де босатылған. Бұл туралы журналистерге биылғы жылдың алғашқы 8 айын қорытындылаған Түркістан облыстық әділет департаментінің өкілі айтып берді.

Елімізде соңғы уақытта мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеріп, кәсіби аппарат құруға ерекше күш салынғанымен халық үшін жұмыс жасауы тиіс мамандар ерсі қылық көрсетіп, әдептен аттауын доғарар емес. Мәселен үстіміздегі жылдың 8 айында әділет департаментінде 16 қызметкер теріс мінезімен танылып, әкімшілік жазаға тартылған. Сондай-ақ Отырар ауданының әділет басқармасының басшысы спиртті ішімдік ішіп, жұрт алдында масқара болған.

Майра Дүйсенбекова

Түркістан облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы

Отырар аудандық әділет басқармасының басшысы Қасымбаев 27 желтоқсан 2017 жылы шамамен таңғы сағат 8:35 минутта жеке автакөлігін алкаголді масаң күйде басқару барысында Отырар ауданы Шәуілдір ауылының Арғынбеков көшесінде ұсталған. Осы фактіге байланысты полиция қызметкері Қасымбаевқа қатысты әкімшілік хаттама толтырған.

Мас күйде полиция қызметкерінің құрығына іллікен басшы 3 жылға жүргізуші куәлігінен айрылып, осы жылдың жазында қызметтен қуылған. Әдеп жөніндегі уәкілдің сөзінше мемлекеттік қызметкерлер спиртті ішімдік ішу былай тұрсын жұрттың көзінше оғаш мінез көрсетуіне болмайды екен. Сондай-ақ БАҚ өкілдеріне дөрекілік көрсетуге және әдепсіз суреттерді әлеуметтік желіге жүктеуіне тиым салынған. Дегенмен қарапайым тұрғындар арасында мемлекеттік қызметкерге жазықсыз жала жауып, олар туралы қоғамда теріс пікір таратып жүргендер де жетерлік екен.

Алма Садықова

ҚР Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

Кейбір азаматтар этикаға сай келмейтін әрекеттер жасап мемлекеттік қызметкерлерді балағаттап жатады. Келеңсіз жайттарды жариялап мемлекеттік қызметкер туралы теріс пікір қалыптастырып жүрген оқиғалар да аз емес.

Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы туралы айтылған жиында жемқорлық мәселесі де шет қалған жоқ. Салаға жауаптылар шаруасын оңай бітіру мақсатында пара беруді әдетке айналдырған азаматтар санасын өзгертпейінше қатерлі індетті қоғамда түп тамырымен жойып тастау мүмкін емес дейді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*