Басты » Редакция таңдауы » «Нұр Отан» партиясының мүшесіне қатысты жаңа ақпарат пайда болды

«Нұр Отан» партиясының мүшесіне қатысты жаңа ақпарат пайда болды

Полициядан қысым көрдім деп,- арызданған «Нұр Отан» партиясының мүшесіне қатысты жаңа ақпарат пайда болды. Жәнібек Жұманов айыптаған кәсіпкер арнамызға келіп өз шындығын айтып берді. Ермек Бектібаевтың сөзіне сенсек ол ешқандай заңсыз әрекет жасамаған. Кәсібін жүргізіп, тасы өрге домалағанын көре алмаған ауылдасы әдейі арыз ұйымдастырып, ақша бопсалады,-дейді. Кәсіпкердің сөзін Жәнібек Жұмановтан қысым көрген тағы оншақты адам растап отыр.

Ермек Бектібаев Жәнібек Жұмановпен бірге дәл осы жерде иық тіресе бірнеше жыл жұмыс жасапты. Ағалы-інілі болып жақын араластық,-дейді. Күндердің күнінде кәсіпкер бір бөлмеде отыратын әріптесінің жағымсыз әрекетін байқаған. Әлдекімдер келіп ақша тастап кететін,-дейді. Ақыр соңында арқа сүйер ағасы Ермек Бектібаевпен сөзге келіспей, кетіп қалады. Арадан біршама уақыт өткенде кәсіпкерден ақша бопсалауын бастапты.

Ермек БЕКТІБАЕВ

кәсіпкер

Алдын ол менің қасымда отырған. Кейін ауыл арасында әңгіме таратты. Ермекті мен көтергенмін менің арқамда жүр деп. Кейін мен оны шығарып жібердім. Содан бастап менің үстімнен арыз жазып келе жатыр. Екі жылдан асты. Ақша сұрады көп мөлшерде.

Жәнібек Жұмановтың сыбайласы ретінде қолға түскен Майра Атемова да сұхбат беруге келісті. Айтуынша, ол бұрын Жәнібекті мүлдем танымаған. Тек жол апатына түсіп, қиындыққа тап болғанда танысы арқылы оның алдына барыпты. Мән-жайды түсіндіріп болғаннан кейін сенімхат пен электронды кілт сұраған. Дегеніне жеткеннен кейін, менің атымнан Ермек Бектібаевтың үстінен арыз жазуды бастапты. Бірақ мен осының барлығынан бейхабар едім,-дейді.

Майра АТЕМОВА

Атакент кентінің тұрғыны

Ой, Бектібаев Ермектің ақшасы көп. Біз оны сындырамыз,- деді. Менің танысым бар, сол арқылы оны сындырамыз. Ақшаның жартысының жартысын сен аласың, керек болса Ермектің машинасын сенің астыңа мінгізіп қоямын деді.

Осыдан кейін Майра Атемоваға түрлі хаттар келе бастаған. Жәнібек Жұманов құжаттағы өз аты-жөнін өшіріп тастап, уатсапп желісі арқылы хатты Ермек Бектібаевқа жіберуді сұрапты. Сондай-ақ, ол арызды тоқтату үшін кәсіпкерден 2 млн теңгеге жуық қаржы сұра деген көрінеді.

Майра АТЕМОВА

Атакент кентінің тұрғыны

Жұманов Жәнібекке звондадым. Ермек келіп тұр деп. Ол айтты көрдің бе, мен сенің алдыңа әкелем деп едім, әкелдім. Енді аузыңа толғанды сұра, 1,5 немесе 2 млн теңгеден қайтпа деді.

Осы материялды даярлау барысында Жәнібек Жұмановтан қысым көрдім деп тағы бірнеше азамат келді. Мәселен, Ұлықбек Мырзаелиев Жамбыл ауылы әкімдігінде қызмет етеді екен. Айтуынша, жерлесі еш себепсізден келіп 200 мың теңге сұрапты. Бермесең арыз жазам,-деп қорқытыпты.

Ұлықбек МЫРЗАЛИЕВ

Жамбыл аулылы әкімдігінің қызметкері

Ол кісі апрель айынан бастап қорқыта бастады. Ақша бересің, болмаса жазамын,-дейді. Жазған соң комиссия тексеріп келеді, соның ақшасын маған әкеліп бер дейді.

Жергілікті кооператив төрағасы болып жұмыс істейтін Қанат Айботаевтың да айтары бар екен. Бұл кісі полицияға арыз жазған. Бірақ, кейін жан-жақтан қысым көріп арызын қайтарған екен.

Қанат АЙБОТАЕВ

Мақтарал ауданының тұрғыны

Мен қамаудан шықтым, мен саған көрсетем. Тағы жазам деп қорқытты.

Түркістан облыстық ішкі істер дапартаменті қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын айтты.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА

Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы

Күдікті азаматшаның сыбайласы анықталды. Олда жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда олда „Бопсалау„ бабымен жауапкершілікке тартылып жатыр.

Естеріңізде болса, 27 тамыз күні Мақтарал ауданының тұрғынына қатысты бейнесюжет көрсетілген болатын. Онда өзін Нұр Отан партиясының мүшесімін деп таныстырған азамат полиция мен жергілікті кәсіпкерден қысым көргенін айтып арызданған еді. Ол кепілмен босатылғанын айтқан болатын. Араға аз уақыт салып, ол қайтадан қамауға алынғаны белгілі болды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Нұрсұлтан Тұрысбеков, Мұрат Одинаев ТВК.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*