Басты » Қоғам » Төлеген Айбергенов көшесінің тұрғындары шу көтерді

Төлеген Айбергенов көшесінің тұрғындары шу көтерді

Олар пәтерін тәулікке жалға беретіндердің бассыздығын айтып, арызданды. Себебі пәтер иелері үйлеріне кім көрінгенді ертіп келетін көрінеді. У-шудан түн ұйқымыз төрт бөлінеді,-дейді. Ал, көпшілікке ортақ подьез қоқысқа толады екен. Инфекция тарап, балаларымыз ауырып қала ма,-деп қорқамыз-деп отыр тұрғындар.

Пәтерін сағатқа немесе тәулікке жалға беретіндердің тірлігіне наразы халық бұл. Шыдамы әбден шегіне жетіп, ашуға булыққан тұрғындар бұларды жөнге салар елімізде заң жоқ,-дейді. Пәтерді қысқа уақытқа жалға алатындар түн жарымында шу көтереді екен.

Сұлушаш ДӘРМЕНОВА

Т.Айбергенов көшесі №5 үйдің тұрғыны

Ұят та болса айтайын, презервативтерін тастайды. Оны балалар алып үрлеп ойнап жүр. Көршімнің ұлы инфекция жұқтырып ауырып қалды. Қазір көшіп кетті. Шаршатты әбден.

Төлеген Айбергенов көшесі тәуліктік пәтерді жалға берумен аты әйгілі. Тәртіп сақшылары да шақыртумен осында жиі келеді. Алайда, жазаға тарта алмайды. Тек тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл салумен шектеледі. Ішкі істер органдарының білдей басшылары ашулы ағайынмен арнайы кездесті. Арыздарын қабылдап, шағымдарын тыңдады. Жиынға пәтерін жалға берушілерді де шақыртыпты. Бірақ олар көптің сөзін теріске шығарып, өздерін ақтауға кірісті.

Дегенмен, тұрғындар тәртіп сақшыларының тынымсыз жұмысынан кейін көше әлдеқайда тәртіпке келіп қалғанын айтады. Бұрынғыдай қаз қатар тізіліп тұратындардың қарасы байқалмайды,-дейді олар.

Мен осында тұрамын. 2015 жылдан бері полицияға арызданып келемін. Қазір рейд жиі ұйымдастырылып жатыр. Соның арқасында көше тазарып қалды. Тәртіп сақшыларын айыптай берудің қажеті жоқ. Себебі ол өз міндетін орындайды. Заң шеңберінде жұмысын жасап отыр. Күн түн демей жұмыс жасайды.

Тараптар тартысып, жөні түзу келісімге келе алмады. Пәтерді жалға беруші қойылған сауалдарға жауап бермей кетіп қалды. Ал, тұрғындар бұл тірлікті тоқтатпай тынышталмаймыз деп бекініп отыр.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*