Басты » Редакция таңдауы » Түркістан облысында мектепке баратын оқушылар электронды жүйе арқылы қабылданады

Түркістан облысында мектепке баратын оқушылар электронды жүйе арқылы қабылданады

1- қыркүйектен бастап Түркістандағы көптеген білім ұялары 1-сыныпқа оқушыларды электронды жүйе арқылы қабылдады. Аймақтағы мектеп басшылары аталған жүйенің тиімділігіне қазірден бастап оң баға беруде. Өйткені оқушыны электронды жүйе арқылы қабылдау -жаңа оқу жылының басталар алдындағы әуре-сарсаңды азайтады. Сондай-ақ саладағы жемқорлықты да жояды екен. Тәлімгерді қабылдау интернет жүйесі арқылы жүзеге асатындықтан ұлын жетектеген ата-аналар мектеп іздеп босқа сандалмайтын көрінеді.

Арыс қаласындағы Сәкен Сейфулин атындағы жалпы орта мектебі биыл жұрт қатарлы қыркүйекте 1-сыныпқа баратын 141 баланы электронды жүйе арқылы қабылдады. Ұстаздар қазірдің өзінде жаңа жүйенің артықшылықтары көп дейді. Мәселен бұрын ата-аналар балаларын мектепке өзі ертіп келсе, енді үйден шықпай ақ баланың құжаттарын порталға енгізуге болады. Қай мектепті таңдаймын десе де ерік ата-ананың өзіңде. Бұл процесс уақытты да үнемдейді.

Талғат Асқаров

С.Сейфулин атындағы ЖОМ директоры

Тиімді жағы бұрын балалар оқу басталып кеткенде де қабылданып жататын. Ал қазір ата-аналар шілде айынан бастап мектепке тіркеп, баласының қай мектепте оқитынын алдын ала біліп отырады. Бұрын ата-аналар баласын мектепке қабылданғаннан кейін алып кетіп қала беретін. Қазір бұл жаңа жүйенің арқасында бір ізге түсті.

Жалпы оқушынының бірінші сыныпқа электронды жүйе арқылы қабылдануы жемқорлық әрекеттерін жоюға да өз септігін тигізеді екен. Өз кезегінде білім ұяларында оқушының санының шамадан тыс асып кетуіне де жол бермейтін көрінеді. Сондай-ақ еліміздегі көптеген білім ұяларында биылдан бастап 3-6-8 сыныпта оқитындарға сабақ жаңартылған мазмұнда өтіле бастады. Сәкен Секйфулин атындағы жалпы орта мектебі де аталған жаңашылдықтан шет қалған жоқ. Мектепте 100 тарта маманның жартысына жуығы бүгінде балаларды жаңа форматта оқытуды қолға алды.

Талғат Асқаров

С.Сейфулин атындағы ЖОМ директоры

Қазір мұғалім өтетін тақырыбын ортаға тастайды. Тақырыпты оқушылардың өзі зерттеп, қорытындылап айтып береді. Жаңартылған бағдарламада балалар түрлі топқа бөлінгендіктен барлық оқушы ат салысады. Мысалы бұрын сыныпттағы 25 баланың ішінде 5-6 оқушы ғана белсенді болады. Қалғандары меннен сабақ сұрамаса деп отыра беретін. Ал топқа бөлінген кезде ынжықтай, тұйық балалар да өз ойларын еркін айта бастайды.

Мектеп директорының сөзінше жаңа форматта оқытатын мұғалімдердің жалақысы көтеріледі дегесін көптеген ұстаздар жаппай аталған бағдарламаны меңгеруге тырысып жатыр екен. Осы жайтты ескерген басшылық біраз мұғалімдерді біліктілігін арттыруға жіберуді жоспарлап қойған. Сондай-ақ мыңға тарта тәлімгер бар мектепте спортқа да ерекше назар аударылған. Қазір білім ұясы жанынан ашылған бокс, күрес және ұлттық спорт түрлеріне 600 жуық бала барады. Үйірмеге қатысушылар соңғы жылдары қалалық жарыстарда үнемі алғашқы орыннан түспей келеді.

Досымбек Бимырзаев

С. Сейфулин атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Ынталы жастарымыз өте көп. Мықты спортшыларымыздың арқасында 2017-2018 оқу жылында Арыс қаласындағы 40 жуық мектептің арасынан спорттан бірінші орын алдық. Жалпы жарыс спорттың 13 түрінен өткен еді.

Осылайша мектеп мұғалімдері білім мен спортты қатар дамытуға бар күш жігерімізді салып жатырмыз дейді. Балаларға үйретуден жалықпаған жандар өз еңбегінің жемісі деп шәкірттердің білім шыңына шығып, спорттық сайыстарда топ жарғанын айтады.

Ерлан Отарбаев

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*