Басты » Мәселенің түйіні » Шымкенттің кішкентай тұрғыны Дархан Исраил көмекке мұқтаж

Шымкенттің кішкентай тұрғыны Дархан Исраил көмекке мұқтаж

Ауыр дертке шалдыққан балақайдың жасы небәрі 3 жарымда. Отандық дәрігерлер нақты диагноз қоя алмай дәрменсіздік танытып отыр. Баланың жағдайы күн сайын нашарлауда. Аурухана төсегіне таңылған бүлдіршін қайырымды жандардың қаржылай көмегінен үміттенеді.

Қайырымды жандардың басын қосқан акцияның себепшісі кішкентай Дархан. Өкпе ісігі дертіне шалдыққан ол небәрі үш жарым жаста. Осы күнге дейін 5 отаны басынан өткерген. Ал соңғы отада комаға түсіп 10 күн ес түссіз жатқан. Балақай ата-анасымен деріне шипа іздеп бармаған жері жоқ. Алматы, Астана, Ташкент қалаларында болған Дарханың ата-анасы ендігі үміт Корей мемлекетінде дейді. Мақсаттары баланы толық диагностикадан өткізіп, дертінің себебін білу, қажет болса емді сол мемлекетте жалғастыру. Бала бүгінде Асардағы балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы күннен күнге нашарлауда.

Әлішер Балтабаев

Дарханның әкесі

Дәл қазір қаржы бізде Кореяға диагностикаға керек болып жатыр. Әзірге емге ақша жиналмай жатыр. Аурудың себебін табу керек. Шымкентте, Алматыда, астанада болдық, ешкім себебін таба алмай жатыр. Баланың күннен күнге жағдайы ауырлап бара жатыр. Бізге көмектесіп жатқандарға рахмет айтқым келеді.

Баланың бір жақ өкпесіне мөлшерден көп су жиналуына байланысты істен шыққан. Ал кезекті отаға баланың денсаулығы жарамайды. Қазіргі таңда Дархан аурудан әбден қалжыраған. Салмағы небары 10 келі. Тәулік бойы оттегі аппаратымен демалады. Тек Корей мемлекетінде ғана отасыз ем шаралары жүргізіледі екен. Бар үмітіміз жанашыр жандардың қаржылай көмегінде дейді акцияға жиналғандардың бірі Диана Хамидулина

Диана Хамидулина

Біз көмектесуіміз керек

Мен де өз үлесімді қосқым келді. Қолымнан келгенінше көмектестім. Мен мұндай акцияларды қолдаймын. Бір бірімізге көмек қолын созудан бас тартпауымыз керек.

Балаға нақты диагноз қойылмаған. Ал уақытша қойылған диагноз Эксудативті перикардит, плеврит, өкпе қабынуы, сепсис, созылмалы пневмония. Астма. Балақайдың ауыр науқасқа шалдыққанын естіген Қайырымды жандар мейлінше тез әрекетке көшіп, арнайы акция ұйымдастырды. Мақсат қажетті соманы жинап, Дарханның Корей мемлекетіне аттануына мүмкіндік жасау.

Малика Худайназарова

қайырымдылық акциясын ұйымдастырушы

Біз бұл мәселені адамдардың білгенін қаладық. Емгеаржы керек. Оған ата-анасының жағдайлары келмейді. Сондықтан кәсіпкер достарымыз бен серіктестеріміздің басын қостық, блогерлер мен телеарналарды шақырып, бұл отбасының басына түскен қиын жағдайды көптің құлағына жеткізуді мақсат еттік.

Айта кету керек, ұйымдастырушы белсенді топ инстаграм желісінде Дархан Хелп аккаунтымен небәрі 8 күннің ішінде 2,5 миллион теңге жиналғанын айтады. Десе де бұл теңізге тамған тамшыдай ғана. Кішкентай Дарханның еміне дәл қазір 40 мың АҚШ доллары қажет.

Нұрзина Төрехан

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*