Басты » Мәселенің түйіні » Төлеби ауданында мектеп оқулықтары жалға беріліп жатыр

Төлеби ауданында мектеп оқулықтары жалға беріліп жатыр

Кітаптарды ақылы түрде өзге емес, ұстаздар таратуда. Шахта-Тоғыс ауылының тұрғындары арнамызға осылай,-деп арызданды. Айтуларынша, бұл үрдістің жалғасып келе жатқанына бірнеше жыл болған. Кітаптың данасы 400 теңге. Көшірмесінде ақшаға алуға болады екен.

Жалға алу деген не сұмдық. Бір сыныпта 25-30 оқушы бар. Оның 10-15-не жетпесе, 400 теңгеден қанша ақша.

Нұрбол Абылаевтың үлкен ұлы екінші сыныпта оқиды. Оның айтуынша, өткен жылғы кітап жетіспеушілігіне биыл да тап болыпты. Оқулық мүлдем жоқ емес, бар дейді ол. Тек 400 теңгеге жалға алу қажет екен. Немесе ақ қағаз сатып алып, ақшысын берсеңіз, мектеп мұғалімдері көшірмесін жасап беретін көрінеді.

Нұрбол АБЫЛАЕВ

Шахта- Тоғыс ауылының тұрғыны

Негізі заңсыз нәрсе ғой кітапты жалға беру. Олар міндетті шығар басқа мектептен алып келіп жеткізіп беруге. Мысалы басқа мектептерде жетеді. Естуім бар 4-ші мектепте дәптерге дейін тегін таратып берген, кітап түгілі. Мен мысалы жұмыссызбын, әйелімде жұмыссыз. Ата-анамыздың пенсиясына қарап отырмыз.

Жергілікті білім ұясының оқулықтарды жалға беріп жүргеніне бірнеше жыл болған екен. Сондықтан ата-аналардың басым бөлігі бұл үрдіске көндігіп кеткен көрінеді. Тек кітапқа төлеуге мүмкіндігі жоқтар ғана қарсы болуда. Себебі, бір тоқсанда қолданылған оқулық, келесі тоқсанға жарамай, жаңасын жалға алуға тура келеді екен.

Гүлнәр ЖАНБАҒЫСОВА

Шахта- Тоғыс ауылының тұрғыны

Әр тоқсанда төрт кітаптан алуым керек. Сосын қазақ тілі жоқ, жаратылыстану, орыс тілі жоқ. Осыларға 400 теңгеден беруім керек. Менің төрт балам бар. Басқа ата-аналар келісіп алып жатыр. Мен алмадым.

Мән-жайды білмекке білім ұясына бардық. №8 шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектепте 180-ге жуық оқушы оқиды екен. Мектеп директоры кітап жетіспеушілігін жоққа шығармады. Алайда, жалға берілілуі мүмкін емес,-деді. Тағылған айыппен келіспейтінін айтып ақталды.

Бауыржан СҮЛЕЙМЕНОВ

8 шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектеп директоры

Біз жекелеген жетіспейтін кітаптар болса, аудан көлемінде сұраныс береміз. Бірақ, ақылы түрде деген жоқ.

Қазіргі таңда аталған мекемеде жаңартылған мазмұн бойынша шығарылған оқулықтар толық жеткілікті екен. Тек 4, 10 сыныптарға қажетті ескі кітаптар жетпей жатыр екен.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*