Басты » Мәселенің түйіні » Төлеби ауданында балабақша меңгерушісінен қысым көргендер, мәжіліс депутатынан көмек сұрады

Төлеби ауданында балабақша меңгерушісінен қысым көргендер, мәжіліс депутатынан көмек сұрады

Төлеби ауданына қарасты Айсәуле бала бақшасының күзетшісі өзі қызмет істейтін мекеме меңгерушісінен осы уақытқа дейін қысым көріп келген. Алғашында бұл келеңсіз жайтты ушықтырмауды жөн көрген қызметкер барлық қоқаң лоққыға көніп, шыдап келгенін айтады. Аталмыш жайт әбден қитығына тиген соң шыдамы таусылған азамат жергілікті билік өкілдерінен көмек сұрап,бірнеше рет арызда жазған. Алайда құзырлы органдардан еш қайран болмапты. Ал оңтүстік өңірінің тұрғындарымен арнайы қабылдау өткізген ҚР парламент мәжіліс депутаттары бұл масқараға жергілікті билік өкілдерінің өзара сыбайластық қатынасы бар екенін ашық айтты.

Нұрғали Жартаев Төлеби ауданына қарасты Айсәуле балалақшасында 2015 жылдан бері күзетшілік қызметте жұмыс атқарып келеді. Оның айтуынша балабақша меңгерушсі мекеме қызметкерлеріне үнемі қоқан лоққы көрсетіп, дөрекілік танытып келген. Сонымен қатар мұнда қызметкерлер өз міндетіне кірмеседе бір емес бірнеше жұмыстарды қатар алып жүруге мәжбүр болған. Ал бұл бассыздыққа қарсы келген жұмыскерлерді мекеме меңгерушсі жұмыстан шеттетінін айтып қорқытады екен. Амалы таусылған азамат құзырлы органдарға тіпті Нұр Отан партиясына да көмек сұрап барған. Алайда еш нәтиже болмады деп налиды.

Орын алған бассыздықтан хабардар болған ҚР парламент мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова тиісті жергілікті билік өкілдерінің жауаптарын тыңдауға бірден кірісті. Ал өңір басшылары болса бұл жағдайдың қалай болғанын айтып ақталуда.

Бір қызығы, аталмыш мекеме мемлекеттің қарамағында болсада 3 жылдан бері мұнда тиісті бақылау жүргізіліп, тексерістен өтпеген. Тек оқиға дауға айналғанда ғана бақылау бөлімінің мамандары бала бақша деген аты болмаса ешқандай стандартқа сай келмейтінін анықтаған.

Ал Төле би аудандық прокуроры бұл орын алған жайттың шешім табуы уақыт еншісінде екендігін алға тартуда.

Жергілікті тұрғындардың арыз шағымын тыңдаған парламент мәжілісінің депутаттары аталмыш жайтқа қатысты тиісті билік өкілдерінің жауаптары қағаттанарлық емес екендігін айтып, оларға бір шүйлігіп алды. Оның айтуынша құзырлы мекемелер өз жұмысына салғырт қарап қана қоймай, өзара сыбайлас жемқолыққа жол берген деп ашынды.

Мәселені түймедей кезінде шешбей, түйедей жағдайға жеткізген тиісті органдарды бір сыбап алған депутат билік өкілдерін тәртіпке шақырды. Ал үстінен арыз түскен балабақша меңгерушісін тек жұмыстан шығарып қана қоймай, тиісті әкімшілік құқық бұзуышылық жазаға тару керектігін де баса айтты.

МАДИНА АБАЙҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*