Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте 20 мың балаға арналған білім ұялары салынбақ

Шымкентте 20 мың балаға арналған білім ұялары салынбақ

 

Милионды қала атанған Шымкентте жыл сайын 24 мың оқушы 1- сыныпқа барады. Сол себепті мектеп тапшылығын туындатпау мақсатында мегаполисте жылда 20 мың балаға арналған білім ұялары салынбақ. Осы мақсатта шенділер әр жылы 15 ке жуық жаңа мектеп саламыз деп жоспар құруда. Қала мәслихатының кезектен тыс 37 сессиясында осылай деген Ғабидолла Әбдірахымов алдағы екі жылдың ішінде тозығы жеткен қоғамдық көліктердің жаңаратынын айтты. Биылдың өзінде су жаңа 300 автобус қалалық бағытарға қатынайтын болса, келер жылы тағы жеті жүзі сатып алынбақ.

Жақында ғана бұрынғы облыс әкімдігі ғимаратына жайғасқан Шымкент қаласының билігі алғаш рет жаңа қонысында мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткізіп отыр. Кең әкімдік іскерлік ортатығына жайғасып үлгерген мәслихаттың депуттаттары күн тәртібіндегі ондаған мәселені еш қарсылықсыз бекітіп тастады. Қабылданған құжатта қаланың қауіпсіздік саласынан бастап, қысқа дайындығына дейін қанша қаражат бөлінетіндігі жазылған.

Гүлжан Құрманбекова

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

Жергілікті бюджетке бірқатар түзету енгізілуде. Ол қаржылар облыстан қалған бірнеше мекемелерді ұстап тұруға, Әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттарын субсидиялауға, Жаңадан ашылған Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының жарғылық капиталын қалыптастыруға, қала көшелерін ағымдағы жөндеуге және жаңа шағынаудандардың көшелеріне тас төсеуге, жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуге үнемдеу есебінен қаралып отыр.

Республикалық маңызы бар қалалар қатарына қосылған Шымкентте бұдан былай атқаратын шаруалар шаш етекен. Мегаполис мәртебесіне лайықты болуы үшін қала әкімі шенділерге алдағы уақытта атқаратын жұмыстардың бір парасын тізіп айтып берді. Мәселен милионды қалада жыл сайын 24 мың бала мектеп табалдырығын аттайды екен. Ал оларға әр жыл кем дегенде 20 мың орындық жаңа мектептер салынбаса, білім ұялары үш аусымдық оқу жүйесінен көз ашпайтын көрінеді.

Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкент қаласының әкімі

Біз үш аусымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында қалаға тағы да жаңа мектептер салу керек. Қазір 12 білім ұясының жобалық сметалық құжаты дайын. Оған қаржыны Республикадан сұрадық. Ол да шешіліп жатыр. Сол 12 мектептің 10 -на республикадан қаржы бөлінсе, екеуіне қала қазынасынан ақша бөлінеді. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер мен де тағы 30 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Осында отырған депутаттардың арасында кәсіпкерлер бар мен сіздерді соған ат салысуға шақырамын.

Сонымен қатар қала мәрі бұдан былай шаһарда қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлмек. Қала қазынасынан тәртіп сақшыларына деп бірталай қаржы бөлінгелі тұр. Оған қоса осы жылдың күзінен бастап күн-түн демей жұмыстан бас көтермейтін мемлекеттік қызметкерлердің де жалақысы еселеп өспекші. Осы хабарды жеткізген Ғабидолла Әбдірахымов жиналғандардың жігерін біраз көтеріп қойды. Ал қоғамдық көліктердің түйіткілін айтып, әкімдік табалдырығын тоздырғандардың талабы да жақын күндері орындалғалуы мүмкін. Себебі билік биылдың өзінде су жаңа 300 автобусты қалалық бағыттарға пайдалануға берсе, келер жылы тағы жаңа 700 жолаушылар көлігі сатып алынбақшы.

Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкент қаласының әкімі.

Биылғы жылы 300 автобус аламыз деп қазір келісімдерді жасадық. Халықаралық банктердің қаржысымен келесі жылы 700 автобус аламыз. Сонда біздің қалада бұған дейін мың автобус болса, тағы 1000 жаңа автобус қосылады.

Ия расында да бұған дейін алып шаһардың тұрғындары қоғамдық көліктердің кем-кетігін айтып, билікті көп сынайтын. Қоғамдық көліктердің бірталайы жаңарса, бұл мәселеде ақырындап саябырситын түрі бар. Өз алдына дербес қала статусын алғаннан кейін ендігі мәселе қазынаның кірісін көтеру.. Ғабидолла Әбдірахымов кәсіпкерлерді көлеңкеде бизнес жасамай тапқан табысын көрсетіп, салықтан жалтармауға кеңес берді.

Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкент қаласының әкімі.

Менің есебім бойынша біздің қаланың кірісі 80 миллиард емес одан көп болуы керек.Салық органдары мен құқық қорғаушылар бірлесіп біздегі көлеңкелі бизнеспен айналысып отқандарды көлеңкеден шығару керек. Қаламызда заңсыз жұмыс жасап отырған кәсіпкерлер өте көп.

Айналасы бірнеше минуттың ішінде біраз саланы шолып шығып, шешетін мәселелерді ашық айтқан қала әкімі қарамағындағыларға қөп тапсырмалады көрсетіп кетті.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*