Басты » Редакция таңдауы » Қазығұрт ауданында тұрғындардың 27 пайызы бұқаралық спортқа ден қойған

Қазығұрт ауданында тұрғындардың 27 пайызы бұқаралық спортқа ден қойған

2020 жылға дейін еліміздегі азаматтардың 30 пайызы бұқаралық спортқа тартылуы керек. Бұл қазақстандағы спортқа жауапты тұлғаларға жүктелген Мемлекет басшысының тапсырмасы. Сол себепті қазір қала мен ауылдарда жаңадан спорт кешендері ашылып, азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануға көп жағдай жасалуда. Мысалы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында тұрғындардың 27 пайызы бүгінде бұқаралық спортқа ден қойды. Атқамінерлер алдағы екі жылда жоғарыдағы межеге жетеміз деп құлшынып отыр.

Қазығұрт ауданында бүгінде балалар мен жасөспірімдерге арналған 4 спорт мектебі бар. Оларда 2000 астам бала спорттың 20 жуық түрімен айналысады. Қазір ауданда екі спорт кешені бар болса, жуарда жаңадан үшіншісі пайдалануға беріледі. Әрине спорт кешендерінде жаттығып жатқандардың бәрі бірдей ел намысын қорғап, даңқты спортшы атанбаса да жүздеген баланың арасынан бір мықтының шығары анық. Ондай дарынды ұл-қыздарды жаттықтырушылар тұрақты түрде ауыл-аймақтарды аралап, іздеп табады екен.

Құралбек Бұхаров

Қазығұрт аудандық спорт бөлімінің басшысы

Біз негізі ауыл-ауылдардағы мектептерге барып, хабарландырулар ілеміз. Сөйтіп жас спортшыларды іріктеп, оларды жаппай оқытамыз. „Жүзден жүйрік, мыңнан тұлрпар„ демекші араларынан мықтылары суырылып шығады. Сол балалармен біздің жаттықтырушыларымыз ерекше жұмыс жасайды.

Мәселен Қазығұрт ауданының өткен жылғы спортта жеткен жетістіктерін тізіп айтар болсақ 2017 жылы жастар елімізде және шетелде өткен жарыстарда 45 алтын, 76 күміс пен жүзден астам қола жүлдені омырауға таққан. Олардың арасында алдағы олимпиада ойындарына барып, бақ сынауы мүмкін деген спортшылар да жоқ емес.

Құралбек Бұхаров

Қазығұрт аудандық спорт бөлімінің басшысы

Ержан Жомарт деген спортшымыздан көп нәтиже күтеміз. Әлем чемпионатынан үшінші орын алып келді. Сонымен бірге Бокстан Руслан Шаһар деген спортшымыз бокстан екі дүркін қазақстан чемионы атанды. Болашақта осылар олимпиада ойындары мен әлем біріншіліктерінде медел алады деп сенім артып отырмыз.

Бокстан халықаралық дәрежедегі додаларда топ жарып, олимп шыңын бағындыруға дайындалып жатқан балалар Қазығұрттағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері. Бұл мектепте спорттың бес түрі бар. Оған жақын маңайдағы 9 ауылдан жеткіншектер қатынап, осында күнде жаттығады. Тек бапкерлердің нұсқауын бұлжытпай орындап, ерінбей еңбек еткендердің ғана спортта бағы жанады дейді жаттықтырушылар.

Қайрат Жорабеков

Қазығұрт аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары

Бұл жерде спортшының жетістікке жетуі бапкерге және өзіне байланысты. Әрине құлшынысы жоғары болып, жаттығулардың біреуін де қалдырмай аянбай еңбек етсе, бапкерлердің айтқанын тиянақты орындаса кез- келген спортшы биік белестерді бағындырады.

Валейбол, Баскетбол және шахмат спорт түрлерін біріктірген Қазығұрттағы №1 спорт мектебінде бүгінде 460 бала бар. Бұл мектепке маңайдағы 7 ауыл округтің балалары келіп қатысады. Оларға әртүрлі дәрежедегі спорт шебері атанған 16 бапкер өз білгендерін үйретіп, сайыстарға дайындауда. Әсіресе мектепте тәрбиеленіп жатқан қыздар волейболдан елімізде өтіп жатқан жарыстарда тәп-тәуір нәтижелерді көрсетіп келеді.

Тоқтар Мусиров

Қазығұрт аудандық №1 спорт мектебі директорының орынбасары

Волебол мен баскетбол бір-біріне өте ұқсас. Аталған спорт түрлері ең алдымен жылдамдық пен бойды және аяқ күшін қажет етеді. Айта кететін жайт бұл спорттар ой жүйесін де жақсы дамытады. Мәселен волейболда қатысушылар орын ауыстырып қимыл жасаса, баскетболда жастар тынымсыз жүгіріп отырғандықтан физикалық жағынан өте мықты жылдам болып шығады.

Ал ауданның аяқ допшылары да бүгінде өзге қарсыластарына осал тұсын көрсетіп отырған жоқ. №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 2006 жылы ашылғаннан бері Түркістан облысы бойынша ауданаралық үлкен футболдан екі дүркін жеңімпаз атанып, бірнеше жылдан бері жүлдегерлер тізімінен түспей келеді. Соңғы кездері аудан аруларының да футболға деген қызығушылығы арта бастаған. Биылдың өзінде спорт мектебінде 4 қыздар командасы құрылды. Милиондаған жанкүйерлердің көзайымына айналып үлгерген спорт туралы сала мамандарының пікірін тыңдап көрсек.

Сәбит Шушбаев

Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.

Футбол деген ұжымдық ойын болғандықтан көбіне команданың жетістікке жетуі бір ғана балаға байланысты емес. Мәселен алаңда 11 бала ойнайтын болса соның барлығын бір дәрежеге жеткізсе сонда ғана жеңіске жетуге болады. Яғни сол 11 баланың шеберлігі мен тактикалық жағдайы, психологиясы және физикалық жағдайын бір деңгейде болса, мықты команда құралады.

Кез-келген спорт саласының тізгінін нағыз майталман маман ұстаса ғана, сол саланың асығы алшысынан түсері анық. Себебі кәсіби маман ғана балаларға не үйрету керек екенін және мықты спортшы дайындау үшін қандай жағдай жасалу қажеттігін жетік біледі. Салауатты өмір салтын ұстанған жандар өз кезегінде қатардағы азаматтарға спортпен айналысып, сергек жүруге кеңес береді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*