Басты » Редакция таңдауы » Жас туристер „Ұлы дала ұландары„ атағын сарапқа салды

Жас туристер „Ұлы дала ұландары„ атағын сарапқа салды

Түркістан облыстық жас туристер станциясы ұйымдастырған шараға өңірдің оннан астам жүйріктері жиналған. Басты мақсат жастардың патриоттық сезімін оятып, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Елбасының „Рухани жаңғыру„ бағдарламасын насихаттау.

Түркістан облысының түкпір түкпірінен келген қатысушылар жарыс ережесіне сәйкес төрт сыннан өтеді. Алғашқы сында командалар кедергі жолағын артқа тастаулары қажет. Сүрінбей өткендер түйіндерді байлаудан өзара мықтыны анықтайды. Осыдан кейін ғана топ басшылары сайысады. Қорытынды кезеңде балалардың білімі тексеріледі. Олар топографиялық белгілер бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан берілетін сыйлықтарға ие болды.

Балалар жарыс барысында экологиялық сенбілікке де белсене қатысып, арнайы алғыс хаттарды иемденді. Ұйымдастырушылар осындай жолмен Елбасының „Рухани жаңғыру„ бағдарламасын кеңінен насихаттай келе, жас туристердің шеберлігін шаңдамақ. Бұдан бөлек, мектеп оқушылары арасында туризмнің танымалдылығын арттырып, жсөспірімдердің осы салаға деген қызығушылығын оятпақ.

Сәуле ӨМІРБАЕВА

Түркістан облыстық „Жас туристер станциясы„ КММ директоры

Жылдың қорытынды жарысында „Төлеби 1„ командасы топ жарса, „Төлеби 2„ екінші орынға жайғасты. Ал, үшінші орын „Түлкібас„ құрамасының еншісінде кетті.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*