Басты » Мәдениет » Шымкенттік ұстаздар мектепке орамалмен келетін оқушыларды райынан қайтара алмауда

Шымкенттік ұстаздар мектепке орамалмен келетін оқушыларды райынан қайтара алмауда

Жаңа оқу жылы басталғалы бері қаладағы кейбір мектеп директорлары оқушылардың ата-аналарын шақырып сан мәрте түсіндіргенімен еш нәтиже жоқ дейді. Оқуға бет-жүзін тұмшалап келетін балалар дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын отбасынан шыққан екен. Осы жүгенсіздікті айтқан ұстаздар билік пен құзырлы органдардан көмек сұрап отыр.

Шымкенттегі №36 жалпы орта мектебіне жиналған білім ұяларының тәрбиеге жауапты мамандары билік өкілдері мен құзырлы органдарға дәстірлі емес діни бағыттағы оқушылардың жайын жайып салды. Мәселен қаладағы білім ұяларына оқуға орамалмен келетін оқушылар әлі күнге тиылмай тұр екен. Ұстаздар қанша тырыссақ та балалардың басындағы орамалын шеше алмадық деп мұңын шақты.

Бастарында ақ орамал бар ұзын оқушылар оны шешпейді. Ол оқушылардың ата-аналарымен өткен жылдан бері сөйлесіп жатырмыз. Соңғы уақытта олар айтады бізді жиналысқа шақұырмай-ақ қой деп. Сотқа берсең де келмейміз дейді. Оларға заңнын талаптарында сабырмен де түсіндірдік. Алайда еш нәтиже жоқ.

Сәуле Мамытбаева

36 ЖОМ директоры

Кеше біз барып сондай екі отбасын көріп келдік. Әрқайсысында 5-6 дан бала бар. Күйеулер тастап кеткен. Асханаларындағы тазалық өте аянышты. Олардың түсінігінің бәрі харам және адал деп дүниені екіге бөліп қарайды. Оларға айттым өкіметтен берген көмек ақшаны аласыздар, ал заңдарына неге бағынбайсыздар деген сауалға жауап бере алмады.

Мектепке бет жүзін тұмшалап келетін оқушылардың барлығы жат ағымның жетегінде кеткен отбасында тәрбиеленген. Мұғалімдер олардың ата-аналары жиналысқа мүлде келмейді дейді. Ал үйіне барған ұстаздар көбінің әлеуміттік жағдайы тым нашарлығына көз жеткізген. Яғни кейбірінің отағасылары Сирияға соғысқа аттанған болса, енді бірі шұбырған бала-шағасы бола тұра әйеліне талақ айтып, жаңадан отбасы құрып алған көрінеді. Теологтар болса олардың осындай жағдайға жетуіне жоқшылық итермеледі дейді.

Кенжебек Рысбеков

Теолог

Негізі елімізде экстремистерді арнайы зауыттан шығып жатқан жоқ. Оларды сол жағдайға жеткізіп жатқан өзіміз. Яғни жұмыссыздық, күйзеліс және шешілмеген мәселелер соның бәрі жиналып адамды өзгертіп, сол жаңылған жамағаттарды қатарына қосып жатыр.

Бүгінде дәл осындай отбасылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз деген мамандар оқу жылының басында қоғамда үлкен резонанс туғызған Мақтаралдағы Фердоуси мектебіндегі даулы іске қалай нүкте қойғандарын айтып берді. Теологтар оқуға орамалмен келетін балалардың ата-анасын шақырып, бүкіл құзырлы органдардың өкілдерін жұмылдырып, жеке-жеке сөйлесіп оң нәтижеге жеттік дейді. Айтуларынша Фирдоуси мектебіндегі сабаққа бүркеніп келетін 286 оқушының дені санитарлық тазалықты мүлде ұмытыпты.

Мектеп қабырғасында жүрген балдар мектептің тәртібін сакқтау керек. Мәселен Фирдоуси мектебіндегі жағдайды мен сіздерге ашық айтамын. 286 оқушының 88-нің басы биттеп кеткен. Маған соны шақырып өздері көрсетті. Ислам діні тазалыққа үйретеді.

Осылай деген теолог маман Шымкенттегі білім ұяларына оранып келетін қыздардың туыстарымен кездесіп, түсіндіру жүргізуге дайын екенін жеткізді. Бұл ұсынысқа тәрбиеге жауапты ұстаздар қауымы қуана келісті. Жиынға келген прокурорлар кәмелет жасқа толмағандардың жасаған қылмысы биыл күрт өскенін айтады. Өткен жылдың алғашқы 7 айында Еңбекші ауданы бойынша жеткіншектер тарапынан 16 оқылмыс жасалса, биыл бұл көрсеткіш 43 ке жеткен. Келеңсіз жағдайдың өсу себебі мынада екен.

Көп жағдайда балалар жазғы уақытта қараусыз қалады. Себебі демалыста оларды сауықтыру орындарына жіберейін десе ата-аналарының қаражаты жоқ. Ал босқа сенделіп жүрген жасөспірімдер қылмысқа барып жатады. Ата-аналары жұмыста болғасын оларды қадағалайтын ешкім жоқ.

Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың орын алуына қаладағы жекеміншік колледждердің үлесі басым екен. Айтуларынша кәсіптік білім беру мекемелері жекенің қолында болғандықтан балалардың тәртібіне аса көңіл бөлмейтінге ұқсайды. Ал құзырлы органдағылар сол колледждерге көп жағдайда бас сұға алмаймыз деп отыр. Салаға жауаптылар осылайша теріс діни ағымдар мен жастардың қылмысына бірлесіп күреспесе еш нәтиже шықпайтынын айтады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*