Басты » Редакция таңдауы » Енді отандық кәсіпорындар ИСО халықаралық стандартын енгізуді күшейтпек

Енді отандық кәсіпорындар ИСО халықаралық стандартын енгізуді күшейтпек

Аталмыш жүйе еліміздің экспортын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Бұл туралы Сапаны стандарттау және сертификаттау жөніндегі мамандар жергілікті кәсіпорын өкілдерімен басқосу өткізді.Шарада халықаралық стандарттарға сай менеджмент жүйесін енгізудің тиімділігі жайлы айтылды.

Бұл семинар әр жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.Оның негізгі мақсаты халықаралық стандарттар талаптарын сәйкес сапа менеджментінің отандық кәсіпорындарға барынша көптеп енгізілуін қамтамасыз етпек. Cебебі мамандардың айтуынша облысымызда 38 мыңға жуық кәсіпорындар болса соның 2000нан астамы ғана халықаралық стандарттар қатарында екен.

СӘКЕН БЕЙСЕЕВ

ҚАЗАҚСТАН СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ

Стандарттарды үйлестіру мен сәйкестендіру еліміздің экспорттық әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Бүгінде еліміздің техникалық комитеттері ISO жұмысына белсенді түрде араласып жүр.Қазіргі таңда Қазақстан ISO-ның 107 комитеті мен кіші комитетінде тіркелген. ISO -ның техникалық комитетіне қатысу белсенділігі бойынша рейтингте Қазақстан бүгінде 50-ші орында.

СӘКЕН БЕЙСЕЕВ

ҚАЗАҚСТАН СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ

Мұндағылардың көбісі бұл семинарға бір емес бірнеше рет қатысып отырғандар .Осы жобаның арқасында олар талай мәселелерді талқылып үлгерген. Бүгінгі аталмыш семинарда кәсіпорын иелері жаңа стандарттармен танысты.

ЕЛЕНА ВЛАДИМИРОВНА

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР

Біз сапаның жааңа стандарттарымен танысып отырмыз.Сонымен қатар түрлі қауіпсіздік шараларындағы өзгерістерді білдік.Бұл семинар біздің біліктілігімзіді арттыруға көмектеседі. Күн сайын жаңа өзгерістер жаңа ережелер сол себепті мұндай шаралар бізге керек деп ойлаймын.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

МАДИНА АБАЙЫҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*