Басты » Мәдениет » №89 мектеп-лицейінің оқушылары робот құрастыруды меңгеріп алды

№89 мектеп-лицейінің оқушылары робот құрастыруды меңгеріп алды

Мектеп қабырғасында жүріп ғылыммен айналысқан оқушылар. Шымкенттегі №89 мектеп-лицейінің оқушылары түрлі ғылыми жобаларды ойлап тауып, робот құрастыруды меңгеріп алды. Қауіпсіз жеделсаты мен ақылды әткеншектерді өз қолымен құрастырған балалардың зеректігіне үлкендер де тәнеті болуда. Сонымен бірге аталған білім ұясында бастауыш сынып оқушылары жатып тынығып алатын арнайы бөлмелер бар. Мұндай кабинеттер әзірге қаладағы өзге мектептердің ешбірінде жоқ көрінеді.

Асар шағынауданындағы №89 мектеп-лицейіне кіргендердің көбі білім ұясындағы ерекше көріністерге көзі түзеді. Мәселен мұндағылар кіреберістегі дәліздің өзіне келген кеткендерге Елбесының рухани жаңғыруын насихаттайтын және математикалық формуллаларды оқушының жадына әр кез салып тұратын мынадай ерекші құрылғыны орнатып қойыпты. Оған қоса білім және спорт пен өнерде жеткен мектеп оқушыларының жетістіктері де тізіліп тұр мұнда. Жарқырап тұрған бұл жүлделерді осындағы талантты балдар жеңіп алған. Қазір солардың бірқатарына тоқталып өтсек. Мәселен бір жыл бұрын мектепте робототехника пәні енгізілді. Аталған пәнді үздік меңгеріп алған бұл балалардің өздері бүгінде осы салада жаңалық ашып отыр.

Нұрдәулет Сейтхан

89 мектеп-лицейдің оқушысы

Білім ұясындағы балалар тек мектеп бағдарламасын меңгерумен қатар осындағы түрлі үйірмелерге қатысып, ағаштан ою ойып, әртүрлі кәдесиларды нақшына келтіріп жасайтын болған.

Нұрбек Абдалиев

89 мектеп-лицейдің оқушысы

Ал қыздар болса, кесте тігуден бастап, кілем тоқу сынды үлкен шыдамдылықты керек ететін ата-әжеден қалған кәсіпті үйреніп келеді. Олардың жасаған жұмысының арқасында білім ұясының кез-келген бұрышы құлпырып шыға келген.

Оқу орнында жастайынан ғылымға бет бұрған оқушылар да жетерлік. Олардың арасында үздіктері республикалық ғылыми жобалар сайысында сынға түскендері де бар. Тіпті бізде кеншелеп қалған сала ойыншық жасай ісін болашақта қолға алам дегендер де табылды.

Ал мектептің спорттағы жетістіктердің өзі өз алдына бір әңгіме. Елімізде және халықаралық жарыстарда топ жарған оқушылардың арқасында №89 мектеп-лицей әзірге қала бойынша 130-астам мектептің ішіненде 2- орында. Оқу орнында білім алып жатқан 1 оқушы бокстан Азия чемпионы атанса, тағы бірі әлем біріншілігінде топ жарды. Өз кезегінде өнерлі балаларға да білім ұясында қолдау аз емес. Мектеп жанындағы жылыжайда тәлімгерлер жаратылыстану бағытындағы алған білімдерін тәжірибемен ұштастыруда.

Әсия Нарынбетова

89 мектеп-лицейі директорының орынбасары

Бұл білім ұясының тағы бір жаңалығы, мұнда бастауыш сыныпта оқитын балаларға сабақ аяқталғаннан кейін бір сәт тынығып алу үшін 100 орынға арналған жатын бөлмелер бар. Қаладағы өзге мектептердің ешқайсысында әзірге мұндай бөлмелер қарастырылмаған.

Екі мыңға жуық бала оқып жатқан №89 мектеп лицейінде 160 астам мұғалім жұмыс жасайды. Оның жетпіске жуығы жаңа форматта оқытады. Биылдан бастап жаратылыстану пәндері қазақ және ағылшын тілінде жүргізіле бастады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*