Басты » Білім » Шымкент қалалық жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы ұстаздар мерекесін атап өтті

Шымкент қалалық жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы ұстаздар мерекесін атап өтті

Ұстаздар күніне байланысты Шымкент қалалық жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы ашық есік күнін өткізді. Шараға қарт ұстаздармен қатар бос уақытын орталықта өткізетін балғындар мен олардың ата-аналары қатысты. Жиналғандарға өнерлі жастар ән мен биден шашу шашып, мерекелік көңіл-күй тарту етті.

Жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісін әлемнің жүздеген елі ұстаздар күні ретінде тойлайды. Қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ұстаздарың мерекесін Шымкент қалалық жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы да атап өтті. Концерттік бағдарламаны орталықта тәрбиеленіп жатқан жастар. өздерінің әуезді әндерімен әрлеп, тартымды билерімен қызықтыра түсті.

Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында бүгінгі таңда жұмыс жасап тұрған 53-ке тарта үйірмеге 4,5 мыңнан астам бала сабақтан тыс кезде қатысады. Осында оқушылар шығыс жекпе-жегі өнерінен бастап спорттың бокс түрімен шұғылданып, және сурет салу сынды шығармашылықпен жұмыстарымен де айналысады. Сонымен бірге қолөнер бұйымдарын жасауды үйренемін дегендер де қолы оқудан бір сәтке босаған уақытта осы орталықтан табылуды.

Менің жасым қазір 11-де. Мен екі жылдан бері бокспен айналысамын. Түрлі жарыстарға қатысып, жүлделер жеңіп алдым. Осыдағы бүкіл ұстаздарымды кәсіби мерекесімен шын жүректен құтықтаймын.

Шымкент қаласындағы білім ұяларында бүгінде 16 мыңға жуық мұғалім еңбек етеді. Болашақ ұрпақтың тәрбиесін басты орынға қойғандың көбі дәл бүгін төл мерекені тойлап, арқа-жарқа болуда. Атаулы датада ардагер ұстаздар мен еңбек жолын енді бастағандар басшылықтан марапат алып, оқушылардың ыстық ықыласы мен құшақ-құшақ гүліне бөленуде.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*