Басты » Редакция таңдауы » Шымкенттік шенділер мемлекеттік сатып алуда конкурс өткізбей-ақ бюджеттің миллиардтарын үлестіріп келген

Шымкенттік шенділер мемлекеттік сатып алуда конкурс өткізбей-ақ бюджеттің миллиардтарын үлестіріп келген

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының лауазымды қызметкерлері заңды елемей жеке серіктестікке 1,5 миллиардтан астам қаржы бөлгізген. Бұл қаражат қала көшелеріне жасыл желек егуге және жарық шамдарын орнатуға жұмсалған.

Соңғы кездері елімізде билік өкілдерінің заң бұзушылыққа барғанын айтып, жиі шағымданатын тұрғындар қатары көбейген. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджіне нұқсан келтірері анық. Жұрттың көбі әсіресе мемлекеттік сатып алулар кезінде билік өкілдері заңды өрескел бұзатынына еті үйреніп кеткен. Мәселен салаға жақында ғана тексеру жүргізген жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілер қаржыны оңды-солды шашқан мемлекеттік қызметкерлердің біраз былығын әшкерелеген.

Конкурс өткізуші ҚР заңнамаларын мүлдем сақтамай Шымкент қаласының көшелеріне жасыл желек егу мен күтіп баптауға бес рет қосымша келісімдер түзіліп, мемлекеттік сатып алу конкурсы мүлде өткізілмей „ЛТД„ ЖШС жоғарыда аталған 875 миллион теңгеден бөлек 1 миллиард 43 миллион 400 мың теңге ақша аударылған.

Құзырлы орган қызметкерлері келтірген дерек бойынша соңғы уақытта дәл осы мемлекеттік сатып алулардан көбірек шикілік шығуда. Мәселен биылғы алғашқы жарты жылдықта мемлекеттік қызметкерлер тарапынан 29 заң бұзушылық орын алса, соның қырық пайызы мемлекеттік сатып алуларға қатысты екен. Билік өкілдері заңды білмейме әлде білгенменен елемейме? Бұл сұраққа қадағалаушы мекемелер жауап іздеуде. Бір анығы бұдан былай жемқорлықпен күресетін мамандар жиі тәртіп бұзатын ақ жағалыларға арнап арнайы заң үйрететін нұсқаулық жасамақшы. Тағы бір айта кететін жайт жаңа жылдан бастап, Шымкент қаласы әкімдігі қызметкерлерінің жалақысы өсуі мүмкін.

Әли Көмекбаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Қазір қалада екі үлкен жаңалық орын алуда. Елбасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге балдық шкала арқылы жаңа жылдан бастап жалақы төленеді. Осы ретте Шымкент қаласы әкімдігі қызметкерлерінің де 2019 жылдан бастап жалақылары өзгеруі мүмкін.

Түрлі сала басшылары бас қосқан жиында қала мектептеріндегі мұғалімдер мен ата-аналардан жөн-жосықсыз ақша жинау деректері де айтылды. Білм ұясы басшыларының орынсыз ақша жинауынан жалыққандар шыдамы таусылып, жемқорлыққа қарсы департаменттің ватсап желісіне шағым қалдырған. Үстіміздегі жылдың алғашқы 6 айында дәл осындай 50-ге жуық жағдай тіркеліпті. Оның бірқатарын жауапқа тартқан мамандар келеңсіздіңтің алдын алу мақсатында мектеп директорларымен тікелей кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*