Басты » Редакция таңдауы » ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ ҰСТАЗДАР КҮНІН АТАП ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ ҰСТАЗДАР КҮНІН АТАП ӨТТІ

Жиырма жылдық тарихы бар бұл білім және ғылым ордасы қазіргі таңда талай жастың талабын шыңдауда. Бүгінде университетте үш жүзге жуық оқытушылар ұстаз деген ұлы атты абыроймен алып жүр.Еліміздегі түрлі бағыттағы кадрлы мамандарды даярлайтын іргелі білім ошағы биылда болашықта білікті қызметкер боламын деген жастарға өз есігін айқары ашқан. Шара барысында бірнеше жылдық қажырлы ерен еңбегімен ескерілген Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы Университетінің Ректоры Рабиға Қуатбекова ҚР білім жән ғылым министрі жолдаған халық Құрметі төс белгісімен марапатталды.

РАБИҒА ҚУАТБЕКОВА

ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ

Салтанты шарада сөз алған университет басшысы Рабиға Қуатбекова сөз сөйлеп,барша ұжым мен оқу орнының атағын асқақтатқан бірқатар құрметті азаматтарға Қазына төсбелгісін табыстап,алғыс хатын ұсынды.

Функционалды аккретациядан өткен бірден бір білім ошағы биылғы жылды тарихи жыл деп біледі.Себебі биыл университеттің 20жылдық мерей тойы тойланбақ. Айтулы датаға орай халықаралық конференция өткізу де жоспарланып отыр. Аталмыш білім беру мекемесі педагогикалық,техниалық сондай ақ экономикалық бағытта бакалавр доктаранттарды дайындайды.Әр ізденушіге білім беру мен қатар оны білікті маман етіп шығару ұстаздардың ерен еңбегінің арқасы деп біледі.

РОЗА ҚУАТБЕКОВА

ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР, ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР,

Бүгін бізде өте керемет қуанышты мереке өтіп жатыр.Әлемде құрметке мақтауға лайық мамандықтардың бірі ол ұстаз.Сол себепті Ұстаздар күнімен барлықтарыңызыды құттықтацмын.Ұстаз ұлы тұлға.Батыр да дана да ақында ұстаздан білім алады. Сол себепті еліміздің даңқын көкке көтеретін білікті ұстаздарымыз көп болсын

Мұнда студенттерге сабақ кестесінен бөлек 20 ға жуық түрлі қосымша үйірмелер қарастырылған. Үнемі ізденіс үстінде жүрген жастар аталмыш үйірмелерге қатысып облыстық және Республикалық деңгейде өтетеін түрлі бағыттағы байқауларды жеңіспен бағындырып жүр.Сондай ақ мұнда жайдарманшылар клубы да жұмыс атқарады.Медеу Қазытай Қазақстан Инженерлі-Педагогикалық Халықтар Достығы университетінің 3 курс студенті. Техникалық бағытта оқитын ол бұл оқу орнын таңдағандығының өзіндік себебі де бар дейді.Ол әр азамат болашақта үлкен жетістікке жету үшін ұлы тұлғаның ізімен жүру керек деп біледі.

Сондай ақ мұнда шетелдік азамттарда білім алуда.Олардың айтуынша мұндағы білім сапасының деңгейі өте жоғары. Және шетелден білім іздеп келген ізденушілерге барлық жағдай жасалған.

Бүгінде университет қабырғасында 6000 ға жуық студент сапалы білім алуда. Сондай ақ аталмыш оқу ордасы жыл сайын қамқоршысынсыз қалған жетім балаларды 100 пайыз білім грантымен қамтамсыз етіп, оларға түрлі жеңілдіктер жасалынуда.

МАДИНА АБАЙҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*