Басты » Редакция таңдауы » «Халықаралық дүние руханият» қоғамдық қоры, көмек қолын созуға дайын

«Халықаралық дүние руханият» қоғамдық қоры, көмек қолын созуға дайын

Шымкент қаласында “Халықаралық дүние руханият” қоғамдық қоры мүгедек балаларға арнап мереке ұйымдастырды.”Аман болсын сәбилер” атты қайырымдылық шарасында мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың ата-аналарына арнап дастархан жайылып, сый-сипаттар табысталды. Шара барысында өңірдің күміс көмей әншілері әннен шашу шашып, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Қайырымдылық қорының қара шаңырағына айналған “Халықаралық дүние руханият” қоғамдық қоры, қазан айында аталып өтілетін мүмкіндігі шектеулі азаматтар күнін жалғастыру үстінде. Зағип жандарға көмек көрсету адами парызымыз деп білетін еріктілерден құралған ұйым өз жұмысын ағымдағы жылдың мамыр айынан бастаған. Аталмыш қайырымдылық ұйым бүгінгі күнге дейін 7млн ға жуық жиналған қаражатты науқас сәбилерді емдеуге жұмсаған. Жетім көрсең жебей жүр деген қанатты сөзді ұстанған мұндағылар көзінде мұңы бар сәбилерлерге қуаныш сыйлауға әзір.

Айсұлу Қалменованың ұлы Алихан 5 жаста. Анасының айтуынша ол туылғаннан бастап сал ауруына шалдыққан. Бауыр еті баласын аяқтан тұрғызу үшін бүгінгі күнге дейін бармаған жері қалмапты. Балақай жылына бір рет оңалту орталығында ем алатын көрінеді. Алайда мұндай диагноздағы науқастарға күтім көптеп қажет ететіндіктен тапқан таянғанын ақылы түрде көмек көрсететін емханаға жұмсайтындығын да айтады. Перзентінің денсаулығына алаңдаулы ана жергілікті билік өкілдерінің есігін бір емес бірнеше рет қағып көмек сұрап мұңын шаққан. Алайда халық қалаулыларынан еш қайран болмады деп налиды.

Бүгінде қайырымдылық қорында кезекте тұрғандар саны 50 ге жуық. Оларды арнайы мамандар қабылдап, толықтай медициналық тексеруден өткізуде. Өздігінен емдік шара көруге қаражат қолбайлау екенін айтқан аналар, қаржылай көмек қолын созған қайырымдылық қорға алғыстарын айтады.

Мерекелік шара барысында балаларға тәттілер салынған сыйлықтар тарту етіліп,ән салынып би де биленді.

Теңіз тамшыдан құралады дегендей аталмыш қайырымдылық қордың іс атқару жүйесі салауатты, сауапты жолға бағыттайды. Бүгінде еріктілерден жасақталған топ еліміздің басқада Тараз, Қызылорда, Қарағанды қалаларында өз жұмысын жалғастыруда. Ұйым мүшелері азаматтар сауабы мол іске көбірек көңіл бөлсе екен дейді.

МАДИНА АБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*