Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте балалардың дарынын дамытып қабілетін ұштайтын білім орталығы ашылды

Шымкентте балалардың дарынын дамытып қабілетін ұштайтын білім орталығы ашылды

Заманауи құралдармен жабдықталған оқу орны бүгінде жаңа ғимаратқа орнығып өз жұмысын жалғастырмақ. Түрлі бағытта білім беріп, тереңнен үйрететін мұндағы оқытушыларда үлкен жетістікке жеткен мамандар.

Білім академиясының жұмыс атқарып жатқанына биыл үшінші жыл. Орталықтың балаларға арналған шығармашылық алаңы кеңейіп, жалға берілген ғимараттан жаңа ыңғайлы қазіргі заман талабына сай жеке ғимаратқа қоныс аударған. Мұнда жас ерекшелігіне қарай топтарға бөлініп қазақ тілінде оқытудың жаңа әдістемесі қолданылып қана қоймай, жас жеткіншектерді түрлі бағыттарда дамытады. Сондай-ақ басты ерекшелік әр баланың дарынымен дағдыларын ескере отырып, олармен жеке тәсіл қолданып жұмыс жасау болмақ.

Аталмыш білім орталығында тілдік оқыту, хореография, музыка, спорт, логопед, бұдан бөлек шешендік өнер дағдыларын сондай-ақ ораторлық қабілетті шыңдайды. Оқу орталығында білім алған балалар беделді лицейлер мен мектеп гимназияларға түсуге мүмкіндіктер қарастырылған. 50 балаға жасақталып жабдықталған білім ұясында бүгінде білім жолын қуған арманы асқақ бүлдіршіндер де жетерлік

Мерекелік шара барысында ертегі елінің кейіпкерлері түрлі ойындар

ойнатып, ән салып би билеп балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Аталмыш білім беру орны балаларды ақылы түрде оқытады. Оқу мерзімі 1 жылды құрамақ. Алдағы уақытта орталық ерекше балаларды оқыту инклюзивті бөлімін ашуды жоспарлап отыр.

МАДИНА АБАЙҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*