Басты » Редакция таңдауы » «7-20-25» бағдарламасы бойынша аймақтарда жұмыс жандана түсті

«7-20-25» бағдарламасы бойынша аймақтарда жұмыс жандана түсті

«7-20-25» бағдарламасына байланысты мемлекет басшысының сынынан кейін әкімдіктер жаппай аталған бағдарламаны тиімді іске асыруға көшті. Жолдау жарияланғаннан кейін Шымкент қаласының әкімдігі де арнайы халықтық кеңсе құрып, аты аталған бағдарламаға қатысуға тұрғындарды үгіттеп жатыр. Елбасының тапсырмасына сәйкес әкімдіктер жаңа үйдің алғашқы жарнасын төлеп беруге де дайын.

Ел президентінің дәстүрлі жолдауынан кейін «7-20-25» бағдарламасы бойынша аймақтарда жұмыс жандана түсті. Өз кезегінде Шымкент қаласы әкімдігі де өз халықтық кеңселеріне бюджеттік сала қызметкерлерін шақырып, бағдарламаға қатысуға үндеп жатыр. Атқарушы билік мұғалімдер мен дәрігерлерге жаңа үйдің алғашқы жырма пайыздық жарнасының жартысын өзіміз төлеп береміз деп отыр.

Мәлік Әбдінұров

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басшысының міндетін атқарушы

Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін Шымкент қалалық әкімдігі жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасының 50 пайызын төлеп беру мақсатында екінші деңгейлі банктерге қаржы аударып, азаматтарға қайтарымды негізде алғашқы жарнаның сертификаты берілуде. Қазір тұрғын үй инспекциясы осы бағдарламаға қатысушыларды іріктеп жатыр.

Ия расында да биылғы жолдау ақ халаттылардың біразының көңілін көтеріп қойды. Себебі 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға көтерілмек. Сонымен бірге жаңа жылдан бастап салада біраз өзгерістер орын алмақ.

Ғалым Әбішов

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

2019 жылдан бастап қаладағы барлық медициналық мекемелер құжаттарды қағазсыз, сифрлы жүйеде жүргізеді. Сонымен бірге алдағы жаңа жылдан бастап ауруларды емдеудің жаңа әдістерін енгізген аурухана қызметкерлерінің жалақысын 20 пайыз көтеру жоспарлануда.

Әдеттегідей биылғы жолдау білім саласын айналып өткен жоқ. Енді елде 3 аусымды мектептер түбегейлі жойылып, оқушылардың сабаққа ұстайтын сөмкесі жеңілдемек. Соңғы кезде тек келеңсіз жағдайлармен елді елең еткізіп үйренген білім саласын да жолдаудан кейін жаңа өзгерістер күтіп тұр.

Мектептерге Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу стандарттарын енгізу ұсынылып отыр. Бұл жерде мектеп оқушылары алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға көмектесі мақсатында жаңа білім беру жүйесіне өтпек.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімдігі мемлекет басшысы атап кеткен спорт кешендерін халыққа қолжетімді ету бағытында жұмысты жандандырмақ. Жаңа жылдан бастап аудан билігі қараусыз тұрған тұрғын үйлерді абаттандарып, ауласына ауласына спорт алаңшасын саламыз деп отыр.

Ғалымжан Ильясов

Еңбекші ауданының әкімі

Ауданда қазір 1 миллиард 200 миллион теңгеге сметалық құжат дайындалған. Бұл қаржыға аудан көлемінде 39 спорт алаңшасы салынып, 127 үйдің ауласы абаттанатын болады.

Мемлекеттік қызметкерлерге адамды жалықтыратын ұзын-сонар жиналыстарды азайтыңдар деген ел президентінің сөзінен кейін енді расында да елдегі әкімдік жиындары қысқаратын болар. Десе де атқарушы биліктің кейбір өкілдері жиналысты аз өткізіп, көбірек тұрғындармен кездесеміз деп отыр.

Ғалымжан Ильясов

Еңбекші ауданының әкімі

Біз атқарушы биліктің төменгі сатысы болғаннан кейін бізде жиналыс аз болады. Аптасына 1 сағат қана жиналыс жасаймыз. Көбіне мәселені тікелей адамдармен кездесіп шешеміз. Кабинетте отырып жұмыс тындыра алмаймыз. Оны өздеріңіз тексерсеңіздер де болады.

Елбасының жолдауын ең бірінші кезекте ел тұрғындары көбірек біліп, оны қолдауы керек. Осы мәселені алға тарқан жергілікті биліктегілер қазір арнайы топ құрып, халық арасында насихат жұмыстарын күшейтті.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*