Басты » Мәдениет » Үкіметтік емес ұйымдардың бас қосу конференциясы өтуде

Үкіметтік емес ұйымдардың бас қосу конференциясы өтуде

Облыс орталығында өңірлердегі Үкіметтік емес ұйымдардың бас қосу конференциясы өтуде. «Береке – ынтымақ арқылы» деп аталатын үш жылдық бағдарлама қорытындысы шығарылып, қоғамдық бірлестіктер конференция барысында өз жетістіктерімен бөлісті. Бағдарлама ауылдық жерлердегі қоғамдық бірлестіктер жұмысын жандандыруға негізделген. Түркістан, Жамбыл, Ақмола, және Қарағанды облыстарында жүргізіліп жатқан бұл бағдарламаға Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігі қолдау көрсеткен. Үкіметтік емес ұйымдар бірқатар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етіп келеді. Бұл тұрғыда олар – мемлекеттің сенімді серігі. Түркістан облысындағы қоғамдық бірлестіктер мемлекетпен етене жұмыс жүргізуде. Мемлекет тарапынан да жан-жақты нақтылы қолдау көріп отырмыз дейді қоғамдық бірлестік өкілі.

Гүлсім Андабаева

«Береке» бағдарлама үйлестірушісі

Мемлекет тарапынан қазіргі кезде жоғары деңгейде қолдау жұмыстары жүргізіліп жатыр деп айтуға болады. Оны мақтана айтуға болады, өйткені жылдан-жылға бізді мемлекет тарапынан қолдау күйшейіп жатыр. Мысалы қазіргі кезде «Азаматтық қоғамды дамыту министрлігінің» құрылуы, сосын бұрындары тек қана мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ғана қаржы бөлінетін болса, соңғы жылдары азаматтық қолдау орталығы арқылы мемлекеттік гранттар бөлінеді. Бұл да Үкіметтік емес ұйымдар үшін өте жақсы жағдай деп айтуға болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*