Басты » Мәдениет » «Береке – ынтымақ арқылы»

«Береке – ынтымақ арқылы»

Облыс орталығында өңірлердегі Үкіметтік емес ұйымдардың бас қосу конференциясы болып өтті. Конференцияда «Береке – ынтымақ арқылы» деп аталатын үш жылдық бағдарламаның қорытындысы шығарылып, қоғамдық бірлестіктер өз жетістіктерімен бөлісті. Бағдарлама ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-дың жұмысын жандандыруға негізделген. Үкіметтік емес ұйымдардың басқосуына АҚШ елшілігінің Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Теодор Линг арнайы қатысты.

«Береке» ҚБ мен «Экоцент» ҚБ бірлесе ұйымдастырған бағдарлама негізінен 3 жыл көлемінде ауылдық жерлердегі қоғамдық бірлестіктер жұмысын жандандыруға негізделген. Бағдарлама «Береке – ынтымақ арқылы» деген атаумен Түркістан, Жамбыл, Ақмола, және Қарағанды облыстарында жұмыс жүргізіп, оған Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігі қаржылай қолдау көрсеткен.

Теодор Линг

АҚШ елшілігінің Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі

Құрама штаттар үкіметі бүкіл әлемдегі азаматтық қоғамның дамуына үлкен мән береді. Мен Қазақстандағы Азаматтық қоғамның даму барысымен танысып, болашағының бар екенін көру үшін осы шараға қатысып отырғаныма қуаныштымын. Азаматтық қоғамның дамуы – халықтың болашағының кемелденуі мен гүлденуін қамтамасыз етеді.

ҮЕҰ- халық пен билік арасындағы алтын көпір іспетті. Олар түрлі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне үлес қосып келеді. Әлеуметтік мәселелелер көбіне ауылдық жерде көп. Ауыл халқының мәселелерін аудандар мен ауылды жерлердегі үкіметтік емес ұйымдар жақсы біледі, шешілу жолын да дөп басып айта алады. Десе де олардың өздеріне де қолдау ауадай қажет.

Гүлсім Андабаева

«Береке» ҚБ бағдарлама үйлестірушісі

Үкіметтік емес ұйымдар деп айтқанда біз жалпылай айтамыз. Бірақ бір нәрсені ескеру керек. Бұл жерде Республикалық деңгейдегі ҮЕҰ мен облыс деңгейіндегі ҮЕҰ-на қарағанда ауылдық, аудандық жерлердегі ҮЕҰ-дың даму деңгейі өте әлсіз. Оларды ірі үкіметтік ұйымдармен салыстыру әлі ерте. Олардың мәселелерін шешіп, қолдап көтеру керек.

Үкіметтік емес ұйымдар бірқатар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етіп келеді. Бұл тұрғыда олар – мемлекеттің сенімді серігі. Түркістан облысындағы қоғамдық бірлестіктер мемлекетпен етене жұмыс жүргізуде. Мемлекет тарапынан да жан-жақты нақтылы қолдау көріп отыр. Соның бір мысалы – елімізде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» құрылып, мекеме гранттық қаржыландыру саласындағы бірден-бір оператор болып табылады.

Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ басқарма төрағасы Қазақстанның төрт облысында мыңдаған азамат, жүздеген үкіметтік емес ұйым осы бағдарлама арқылы серпін тауып отыр. Соған өте-мөте қуаныштымыз. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мақсаты үкіметтік емес сектор, азаматтық сектордың дамуына үлес қосу, және оның бір түрі – үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік грант бөлу.

Ауылдық жерлердегі қоғамдық бірлестіктер 3 жылдық дамыту бағдарламасының шапағатын нақты сезінді. Көңіл қуантатын нәтижелерге де қол жеткізген. Мәселен Қазығұрттық жас өрен Қоғамдық бірлестік ұйымдастырған арнайы курсының арқасында бүгінде Америкада білім алуда. Курста бала тіл үйреніп қана қоймай көшбасшылық қасиеттері дамып, бәсекеге қабілеттілігі артқан.

Сардор Исманов

«Жалынды жастар» ҚБ төрағасы

Осы жоба маған, ауданымызға, ауылымызға өте көп көмегін тигізді. Өйткені мен осыдан 3 жыл бұрын үкіметтік емес ұйым ашқан кезімде мен ұйымның жұмысын дұрыс түсінбеген едім. Бірақ «Береке» ҚБ ұйымдастырған «Береке ынтымақ арқылы» жобасы аясында мен өзімнің ашқан ұйымымның түпкі мақсатын түсіндім. Көптеген Үкіметтік емес ұйымдардың лидерлерімен кездесіп, тәжірибелерден өттім. Мен кішкентай ауылда да үлкен іс атқара алатыныма сенім пайда болды. Содан бастап жастарға көмектесіп, оларды қолдауға кірістім. Бізде Боранбаев Бағлан деген 10 сынып оқушысы Қазығұрттан алғаш рет Америкаға оқуға түсті. Егер бала тұйық, белсенді болмаса бұл бағдарлама бойынша оқуға түсе алмас еді. Бала Қазір Американың Висконсон штатында оқып жатыр.

Интерактивті форматта өткен конференцияда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері баяндамалар жасап, жеткен жетістіктерімен бөлісті. Жиынға ҚР қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, атқарушы билік өкілдері мен Қазақстандағы АҚШ елшілігі, Халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігі, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы үкіметтік емес ұйымдар, сондай ақ «Береке ынтымақ арқылы» бағдарламасының әріптестері қатысты.

Нұрзина Төрехан

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*