Басты » Мәселенің түйіні » «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жұрт шағымын айтуда

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жұрт шағымын айтуда

6 пайызбен несие аламыз деп мемлекеттік бағдарламамен кәсіпкерлікті оқыған азаматтар, түсініксіз жағдайға тап болдық дейді. Себебі мекеме қызметкерлері аталмыш несиеге қол жеткізу үшін де қомақты көлемде алдын-ала пара сұраған көрінеді. Бұл «ауыл шаруаларын қолдау емес нағыз қорлау»- деген халық арнамызға шағымданды.

Бұлар ауыл шарашылығын қолдамайды бұлар ауыл шарушылығын қорлайды

Нұрмахан Құлбаев осыдан бірнеше ай бұрын кәсіпкерлікті оқып, біліктілігін жетілдірген. Мал шаруашылығымен айналысуды жоспарлаған азамат бір айлық оқу сертификатында алған. Алғашында мамандардың мемлекеттік бағдарлама бойынша 6 пайыздық несиемен қамтитынын естігенде үлкен мүмкіндік туғанына қуанған. Алайда барлық құжаттарын жинақтап қаражатқа қол жеткізер шақта несиенің 16 пайызбен берілітендігін есітіп, қуанышым су сепкендей басылды дейді.

НҰРМАХАН ҚҰЛБАЕВ

ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бізде алған несиемізді қайтаруымыз керек. Ал оның үстіндегі 10 пайызды тағы несие алмай тұрып беруіміз керек. Ол енді кімнің қалтасына кететінін бір Алла біледі. Бізге ауыл шаруашылығын қолдау қоры 6 пайызбен береміз деген. Ал енді 10 процентпен алмайынша 6 пайызбен берілмейді. Кім береді сол алады дейді. Бұған дейін документің 100 пайыз дайын болсада күте бересің ,күте бересің. Документтерің мына жақта жата береді дұрыс емес анау-мынау деп әйтеуір бермеудің амалын істейді

Мекеме қызметкерлері бұдан бөлек несиенің рәсімделуі үшін де қомақты қаржы сұраған екен. Ашынған азаматтар үйімізді кепілге қойып үстемақысын у дай қылып несие алғанша, кез-келген екінші деңгейлі банкке барғанымыз жақсы»- дейді. «Ешқандай тиімділікті көріп тұрғанымыз жоқ»- деп ашуға булыққан мұндағылар бұлай жалғаса берсе кәсіпкерлікпен айналысушылардың бағы ашылмай кетеме деп қорқады.

КАМИЛА ЖҮНІСОВА

Үйіңді оценить етеді. Мысалы 8 млн ға бағаласа соның жартысы беріледі деген бізге. Мен 4 млн десем маған 400 мың заранее әкеліп бересіз содан кейін барып береміз дейді. Оған дейін документіңізді әкелмей-ақ қойыңыз деді. Алад дейді жоғарыдан бастап алады дейді. Мен емес алып жатқан дейді. Бізге бөлінген Азамат деген жігіт бар Төле би ауданына қарайтын менеджер ма кураторма, сол келді да үйдің бәрін суретке түсіріп көріп, вообщем 400 мыңды әкеліп бересіз пожалуиста кредит шығарып берем деді.

Ал даулы мәселеден мекеме басшылығы мүлде хабарсыз екендігін айтып ақталды. «Мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес»- деген жауаптылар бұл жайттың анық қанығын білуге біршама уақыт сұрап, келушілерді сабырға шақырып әлек болды.

ТАЛҒАТ ЖАНИСЕНОВ

«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚ-ның ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мен мысалыға оған жауап бере алмайм. Себебі мен оны көрген жоқпын .Ондай факт жоқ. Менің жалпы басшылардың келгенімізге міне 1-2 ай ғана болды. Біз келгелі қолға алып жатырмыз. Ол мәселені қауіпсіздік бөлімі бар қазір сіздер осы жерде боласыздар қазір біз оны анықтаймыз.

Жеке кәсібін ашамын деп сандалған азаматтардың қаражатқа қол жеткізе алмай жүргендеріне 6 айдың көлемі болыпты. Төзімі таусылған халықтың ендігі үміті, билік өкілдерінде. Әзірге шағымданушылардың мәселесі басы ашық күйінде қалып отыр.

МАДИНА АБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*